Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Диафрагма. Диафрагма - мал ұшасының қарын мен кеуде бөлігін бөліп тұратын біріктіргіш жэне бұлшық ет үлпасынан тұратын қабық. Диафрагманың сыртында біріктіргіш үлпа қабықшасы бар. Диафрагманы төменгі сортгы шүжық бұйымдарын өндіруге пайдаланады. Асқазан. Жылқы мен шошқаның асқазандары бір камералы, ал ірі қара мен ұсақ малдың асқазандары көп камералы. Көп камералы асқазан қарыннан, торкөзді қарыннан, жалбыршак қарыннан және ұлтабардан тұрады. Олар бір - бірінен шырышты қабықшаның құрылымы бойынша айырықшаланады. Асқазанның қабырғасы төрт қабаттан тұрады: сыртқы - сероз, бүлшық ет, шырыш асты жэне шырышты. Қарын (рубец) - асқазанның ең үлкен камерасы. Қарын мен торкөзді қарын (сетка) ливер шұжыктарын жасау үшін қолданылады. ¥лтабар негізінен бездерден тұратын асқазанның бөлігі. Бездер асқазан сөлін бөліп шығарады. Сондықтан ірі қара мал мен ұсак малдың үлтабарының, шошқа асқазанының шырышты қабықшасынан ферменттік препараттар - медициналық жэне тамақгық пепсин, асқазан сөлі, ұлтабар фермен гі - альшады. Бастар. Бастар сүйектен, мидан, ет пен терден түрады. Бас етінің құрамындағы эластин мен коллагенге байланысты тамақтық құндылығы аз, сондықтан төменгі сортгы шүжық өнімдерін және консерві өндіру үшін колданылады. Қанның қүрамы мен қаснеттері Қан организмдегі сұйық үлпа болып табылады. Оның мөлшері тірі салмаққа шаққанда: ірі қарада —7,5-8,3 %, шошқада - 4,5-6 %, қой мен ешкіде - 6,5-7,5 %, құста - 8 %, қоянда - 6 % болады. Ауыл шаруашылық малдарын сойған кезде алынатын қан тамақгық, емдік, жемдік жэне техникалық өнімдер шығару үшін бағалы шикізат болып табылады. Оны пайдалану ауқымы құрамындағы белоктардың мөлшері мен сапасына байланысты. Қан плазмадан жэне оның ішіндегі формалық элементтерден - эритроцит, лейкоцит жэне тромбоциттерден тұрады. Плазманың түсі саргыш, ал оның қүрамындагы эритроцитгер қанға қызыл түс береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==