өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. Тілден алынган өнімдер жогары биологиялық құнды жэне жағымды дэм мен иісі бар. Мн. Жануарлардың миы үш бөлімнен тұрады: үлкен мидың жартылары, мишық жэне үзынша ми. Ми сыртқы сұр және ішкі ақ ми затынан түрады. Мидың құрамына көп мөлшерде липидтер кіреді. Оларға фофатидтер, стеридтер, стериндер, цереброзидтер жэне холестерин жатады. Липидтердің қүрамында көп мөлшерде қаңықпаган май қышқылдары - олеин және арахидон қышқылдары болады. Мида фосфор және темір көп. Өндірісте ми паштет және ливер шұжьпсгарының, консервілердің қүрамында компонент ретінде қолданылады. Жүрек. Жүрек - ерекше қүрылымды бүлшық еттен тұратын мүше. Жүректің қабырғалары уш қабаттан түрады: ішкі - біріктіргіш үлпадан, орта - бүлшық еттен, сыртқы - сероз қабықшадан. Жүректің құрамына толық қүнды белоктар, фосфор, темір, В жэне РР тобының дәрумендері кіреді. Жүрек әртүрлі ет өнімдерін өндіру үшін өте ұсақталган түрінде қолданылады. Желін. Әртүрлі малдардың сүт бездері паренхиматоздық мүше больш табылады. Сыртынан желін біріктіргіш үлпа қабықшасымен қапталған. Желіннің қүрамында толық қүнды белоктар аз. Майдың көптігі желіннің жоғары энергетикалық құндылыгын қамтамасыз етеді. Тамақгық бағытга тек қана ірі қара малдың желіні қолданылады. Құрамына байланысты желінді паштет алу үшін жэне тамактық май алу үшін қолданады. Көкбауыр. Көкбауыр- қан түзетін мүше, биологиялық сүзгіш. Ол ретикуляр ұлпасынан түрады, оның қүрамында ретикулин белогы бар. Көкбауыр сыртынан сероз қабықшасымен қапталған. Көкбауырда ферритин мен ферриннің құрамына кіретін темір бар. Көкбауырдың тамакгық қүндылығы томен, сондықтан оны тамаққа пайдаланбайды бірақ құрамындагы ферменттер мен биологиялық белсенді затгарға байланысты емдік - сауықтыру препараттарын алуға қолданады. Өкпе. Өкпе - тыныс алу мүшесі, беті шырышты қабықшамен (плевра) қапталган. Өкпенің негізін біріктіргіш үлпа қүрайды. Белоктық заттардан коллаген жэне эластин бар. Экстрактивті затгардан гепарин көп. Құрамына байланысты окпе ливер шүжықтарын алу үшін жэне гепарин өндіру үшін қолданылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==