ШошқанЬің ұшасын екіге бөлгеннен кейін диафрагманың аяғынан массасы 60 грамдай ет кесіліп алынып, трихинеллоскопияда тексеріледі. Трихинеллоскопияда тексеру үзақтығы 10-15 минут. Тексеру нәтижелері белгілі болғанша үшапарды ары қарай өңдеуге жібермейді. Арамен ушаны екіге бөлгеннен кейін құрғақ жэне ылғалды тазалау жүргізіледі. Қүрғақ тазалау кезінде жұлынды, бүйрек, құйрық, диафрагманың қалдығы, ішкі май, ластанған жерлер алынады, қойда бүйрек пен бүйректің маңындағы май үшада қалады, алынбайды. Ылғалды тазалау кезінде үшаны ішкі жағынан жылы сумен арнаулы түтікше арқылы жуады. Кей жағдайларда түтікшеге щеткалар кигізіледі. Жуу кезінде ласпен бірге микроорганизмдер де жуылып кетеді. ¥шаларды жуу үшін үнемі таза су қолданылуы керек. Қүрғақ жэне ылғалды тазалаудан кейін етке таңба басылып, өлшеніп, тоңазытқышқа жіберіледі. Таңба салу кезінде стандартқа сәйкес ет үшаларының категориясы анықталады. Әрбір үшаға ( жарты үшаға) екі таңба салынады: ветеринараық - еттің тазалығын дәлелдейтін, және тауарлық - еттің қоңдылығынын категориясын көрсететін. Тамаққа пайдапанбайтын етке арнаулы таңба басады. Еттің категориясын аныкдау үшін сиыр және қой үшаларының бүлшық ет жэне май үлпаларының даму көрсеткішін көзбен қарап бағалайды, оларды 1 жэне 2-категорияларға бөледі. 2-категорияға жатпайтын ұшаларды стандартқа сәйкес емес (арық) категорияға жатқызады. Таңбада республиканың қысқаша аты, кәсіпорын нөмірі, ветосмотр деген сөз болуы керек. 1 категориялы сиыр және қой етін, майлы шошқа етін дөңгелек таңбамен таңбалайды, 2-категорияны жэне етті шошқа етін төртбүрышты таңбамен, ал барлық малдың арық етін үшбүрышты таңбамен белгілейді. Таңбалау біткен соң етгі өлшеп, тоңазытқышқа жібереді. Кәсіпорындарда үшаларды аспалы жолдарда орналасқан автоматты таразыларда өлшейді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==