Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Жұмсақ шикізатты және қанды жинакдау бункерлерінде қабылдаи олардың көлемін аныктайды. Шикізатты арбашалармен немесе аспалы шөміштермен жеткізгенде олардың салмағын өлшейді. Қабьшданган шикізапы көлбеу - вакуум қазандықтарға өлшеу құрылысы арқылы тиейді. Малдәрігерлік - санитарлық сараптау негізінде ауру малдыкі деп танылған ұшалардың терісін сыпырады. Терілерді арнаулы ерітінділерде өндеп, тұздауға жібереді. Бастары алынған жэне ішкі мүшелері тазаланған ірі қара мал мен шошқалардың ұшаларын екіге бөледі, содан кейін 35-70 см кесектерге бөлшектейді. де, ары қарай ұқсатуға жібереді. ¥сақ малдың ұшаларын түтастай өңдейді. Жүні бар шикізатты температурасы 65-68°С суда жидітеді, содан кейін центрифугада жүннен тазалап, өңцеуге жібереді. Сүрыптау. Тамақтық емес шикізат өндеуге эдепте сұрыпталып келе.ді. Араласқан шикізатгы майлы жэне майсыз деп екіге бөледі. Араласқан шикізатгы сүрыптау көп жүмысты талап етеді, сондықтан оны жинайтын жерлерде сүрыптаған тиімді. Шикізаттың морфологиялық қүрамын еске any қажет, өйткені әр түрлі шикізат үшін жылу мен өндеудің өзіндік тэртіптері бар. Бұл дайын өнімнің жақсы сапасын қамтамасыз етеді. Шикізатты үсақтау және жуу. Іштеріндегі затты алу үшін ішек қарындарды үсақтағыш машиналарда ұсақтайды, жуу барабандарында сумен жуады. Артық суды аластау үшін шикізатты тесігі бар барабанда өңдейді. Бұл шикізатгағы су мөлшерін азайтып, жылумен өцдеудің ұзақгығын қысқартады. Жұмсақ жэне қатты шикізатгы жылумен өндер алдында ұсақтау жылу жэне масса алмасу өртісгерін жылдамдатып, бу мен электр қуатын өнемдейді. Ет - сүйекті конфискаттарды жэне сүйекті ұсақтау үшін күшті ұсақгағыштар жэне ұсатқыштар (дробилка) қолданылады. Жылумен өцдеу. Қүрғақ жемдік өнім жэне май алу үшін, ауру іүдырғыш микроорганизмдерді жою, сусыздандыру жэне шикізаттың алғашқы құрылымын бұзу үшін шикізат пен қалдықтарды құрғақ немесе сулы әдіспен қыздырады. Техникалық шикізат, эсіресе малдың ішкі мүшелері бактериялармен, микробтармен ластанған. Шикізаттың жалпы микробтық ластануы 1 г - да 8,6x10й микроб клеткасына тен. Микробтар мен олардың спорлары қыздырған кезде белгілі бір

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==