тобылғыдан істіктер әзірлейді. Тобарсыған қазының етегінің қалың- жұқалығына қарай одан неше қазы шығатындығын мөлшерлейді. Өйткені қалың қазы енсіз жіңішке тілінеді де, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Олай істемесе жалпақ тілінген қазы ішекке симайды, айналдыруға келмейді, жылқының ішегінен қазысы артылып қалады. Ал, айналдырылмаған қазы айналдырған қазыдан дэмсіз болады жэне көп сақтауға келмейді. Қазы тілетін пышақ өткір болуы шарт. Олай болмаған күнде қазының майын мыжғылып ірітіп жібереді. Әрбір қабырғаның етек жағындағы майынан бастап біріне бірін түйістіре ішекке тығады. Қос қазы осындай тәсілмен жасалады. Қазы ішекке тығылар алдында жақсылап тұздалып, бұрыш, сарымсақпен бапталады. Өте семіз қабырғалардың еті, майы тым қалың болып, ішекке симайтын жағдайларда, шебер қазы айналдырушылар қара ет пен қыртыс майын бірдей етіп, тіліп алады. Мүндай кесінділер жеке қазы немесе шүжық жасауға пайдаланылады. Айналдырылған қазы мен шүжықтың екі басы істікпен бүрмеленеді де қосақгап байлап, кептіруге, сүрлеуге қойылады. Өте семіз қазыларга қабырға жетпей қалғанда етек қазы, уілдірік қазы деп аталатын қабырғасыз қазылар жасалады. Қазы түрлерінің мынадай атаулары бар: кере қазы - семіздегі бармақ пен шынашақ аралығына тең қазы; сере қазы - семіздегі бармак пен шынашақ аралығына тең қазы; табалдырық қазы - аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы, оны кей жерлерде «табан қазы» деп те атайды. Гурьевте мұндай қазының қабырғасыз түрін, «тобаяқ қазы» дейді екен; «би қазы» - бүйен ішекке тыққан, жуан қазы ; Шынтақ қазы, қылыш қазы, жерлік майы бар қазы, тағысын тағылар. Қазыньщ мүндай атаулары көбінесе оның семіз - арықгығын ажыратып атаудан қалыптасқан. Ал, атаулар халқымыздың көне заманғы, ешқандай өлшеуіш қүралдар жоқ кездегі кісі бойы, қол үсыным, құлаш, қарыс, сүйем, сынық сүйем, елі, бармақ, шынтақ деген сияқты өлшем мөлшерлерінен алынған, шаруашьшықпен байланысты атаулар. Шүжық - майлы етті туpan, түздап, бүрыштап ішекке тыққан сотым еті. Оны сүрлеп көп уақытқа сақтауға болады. Шүжық негізінде жылқы етінен жасалады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==