Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

мойын (6 буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арнаған табаққа салынбайды); мойын ет (ірі қараца бөлек сылып алынатын кесек ет, көбінесе қуырдақ қуырылады); бүгана (екі жақта 3 талдан 6 тал. Мүше орнына саналады); цара цабырга (6 тал. Мүшелермен бірге эр уақытта табаққа салына береді); сүбе (етегімен алынған 6 тал қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі); қазы (семіз жылқыдан 20-ға дейін қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырылады); төс (қыз-келіншек, күйеулер үшін тандаулы мүше); төс ет (жылқы, сиырда осылай аталады. Көбінесе қуырдақ жасалады, сүрленеді де); төстік (койда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақгап құйқасымен жейді); ауыз омыртқа (соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге қүр қол қайтпасын деген мақсатымен шикілей де беріледі); кәріжілік (колда болады, жілік мүшесіне кіреді); жүмыр жілік (ортан жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік); асьщты жілік (санда болады); тоцбац жілік (санда болатын ең етті жілік); жамбас (ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады); Қойдың, ешкінің жамбасы түтас асылады, ең таңдаулы мүшеге жатады; жая (жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақгап кептіруге болады); белдеме (қой-ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп атайды, таңдаулы мүше қатарына жатады); мойын омыртца (отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды); үзын омыртца (арқа омыртқа деп те атайды, жалпақ омыртқаға тең, сүрленеді, қонаққа салынады); жүрек (көбінесе қыз баланың сыбағасы саналған); үлпершек (жүрек қабына толтырылған, шүжық тэрізді май, кесек ет);

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==