Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

жілігінен орта шелекггей май шығады, Қазақтардың түйеге ашуланғанда <<Ақ шелек болғыр» дейтіні осыдан шыққан. Майы шашылып кетпесін деп ақ шелектерді үлкен қазанға тұтас салып пісіруге тырысады. Қазысын, өркеші мен қомын қоса алғанда семіз түйелерден 4 - 5 пұт, кейде одан да көп май түседі. Жылқыньщ терісі қойша іреп сойылады, сирақтарын жалаңаштап тарамыс алады, екі қолы, төсі алынған соң қара қабырғалары сөгіледі. Қазы дейтініміз жылқының осы екі жақ қабырғасы, оның етегінің (сүбе) қалыңцығы, семіздігі елімен өлшенеді. Бір елі, екі елі, одан да семіз болса табан қазы деген атаулар бар. Қай малды болса да, соның ішінде жылқы союга шеберлік керек. Сондықтан да қазақтар сотым сойған кездерде сондай адамдарды арнайы шақырады. Мысалы қазының қабырғаларын бөлшектегенде, омыртқаларды бүзғанда біріне тиісті майды, етті екіншісіне ауыстырмай дэлдеп, ұқсату керек. Бел омыртқаға жеткен соң жаяны санның сыртынан бөлек сойып алу қажет. Мал етін бұзғанда қазақ ғұрпында бапта, шот қолданылмайды, сүйектер өзінің жүйесінен пышақпен ғана ажыратылады, сондықган сорпада ұсақ, қиыршық сүйек кездеспейді. Сою үстінде бөлектеніп қалған ұсақ етгер әсіп жасауға, іиүжық айналдыруға пайдаланьшады. Қай малда да сойғанда алып тасталагын, татамдық қасиеті жоқ, тіпті адамға зиянды бездері мен тамырлары болады. Мал союшы, ет бұзушы адамдар бүл жұмыстарын орындау кезінде етті «арам бездерінен» арылтуға тиіс. Қой, ешкі сойғанда төстің қалақ шеміршегін, еркек малдың қамшысын, жіліктердің бұлшық еттерінде, мойын етте болатын бездерді, қуықты, жатырды, өтті, жүректің кұлақтарьш алып тастауы керек. Ішек-қарьшдарда кездесетін ұйқы, жылауық, жыныс бездері, кейбір малдардьщ өкпе- бауырларында, қолқасында кездесетін бершімек, өлі қан түйірлері мүқият тазартылуы қажет. Еттің қазақша эр түрлі мүшелері, эр түрлі атаулары бар, оның барлығын айтып жатпай кейбір негізгілерін атауға болады: бас (ірі қарада- екі шеке); жақ (қой-ешкіде тілмен түтас жүреді, ірі малдардьщ жаты екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады); жақ ет, үрт ет (ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе куырдаққа пайдаланылады),

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==