Консервілер банкілерінде кеңінен таралған ақаулар: қалбырлардың майысуы, мұндайлар автоклав корзинасынан үлкен тобымен қабылдау үстеліне түсуінен пайда болады. Аздаған майысқаны бар түмшалауын жоғалтпаған консервілер тұмшалауын жоғалтпаған стандартқа жатқызылады да, сакдауға жөнелтеді. Белсенді ағыс - банкілерде консерві ішіндегі тагамның сыртқа шыққан іздерінің пайда болуы, бүлар стерилизациялау кезінде дүрыс тұмшаланбаған жерден және жіктен шығады. Белсенді ағыстың пайда болу себебі банкі корпусын құрастыратын немесе жапқыш машиналар жұмысының дұрыс реттелмеуінен, консерві кақпақтарының дұрыс жабылмауынан жэне басқа да келеңсіз жағдайлардьщ орын алуынан болады. Белсенді ағыс банкілернің салмағы жеңіл, мұндайлар стерилизациялаудан кейін дереу анықталғаннан соң, ашылады да, ішіндегі өнім шүжық өндірісіне жіберіледі. Сакгаудан кейін қойылған белсенді ағыс анықталған банкілер техникалық жағынан жарамсыз деп танылады да, жоюға жіберіледі. Баяу ағыс банкілердің үсті жоғары қабаттағы белсенді ағыстың әсерінен ластанудан болады. Баяу ағыстың банкілері түмшаланған, ластанған банкілерді ыстық сумей жуады, сүртеді, сакдауга жіберіледі. «Птички» - консерві өндірісінде мейлінше кең тараған ақау, ондайлар банкілердің түбі мен қақпағының шет тұстарының майысуынан пайда болады. 14. Консервілерді сақтауга қою және тиеу. Консервілерді сақтауға қоюдың шарттары белгіленген стандартты мерзім ішінде өнім сапасының толық сақталуын, түмшалануын және ыдыстардың қалыпты болуын қамтамасыз етуге тиіс. Консервілер жылытылатын жэне жылытылмайтын қоймаларда теріс жэне он температураларда сақталады. Теріс температураларда сақгау мерзімі ұзарады, консервілердің органолептикалық керсеткіштеріне жэне тағамдық қүндылығына елеулі ықпал жасалмайды. Алайда, ьщыстарды тат басуы мүмкін. Қоршаған орта ауасының температурасы артқанда банкіпердің үстіңгі жағыңца шық нүктесінен төмен температурада ылғал пайда болуы мүмкін.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==