Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

сәулелермен өндегенде банкілер ішіндегі өнімдер шикі күйінде қалып қояды, стерилизациялаудан кейін қыздырудың әдетгегі тэсілдерінің бірімен оны тағамдық эзірлікке жеткізу қажет. Қызган ауамен стерилизациялау. Бұл тәсілді көлбеу конвейерлерде немесе банкілер шынжырлы транспортерлермен жылжып, сонымен бір уақытта өз-өзінен айналатын стерилизаторларда, болмаса банкілер аппараттың он бойы бағытымен домалайтын қондыргыларды қолдануға болады. 120 °С қызған ауа стерилизаторда 8-10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бұл тәсіл қыздыру орталығында консервіге жылу беруді күшейтуге мүмкіндік береді, әрі өнімнің жоғарғы қабатының күйіп кетпеуіне кепілдік береді. 11. Үзіліспен жүмыс істейтін аппараттарда стерилизациялау. Консервілерді стерилдеуге арналған үзіліспен жүмыс істейтін мейлінше кең тараған аппараттардың типтері - CP, АВ жэне Б6-ИСА автоклавтары. Бұлар қаңылтыр жэне шыны ыдыстармен шығарылатын консервілерді бумен немесе сумен стерилизациялайтын тік және каңылтыр ыдыстармен шыгарылатын консервілерді бумен стерилизациялайтын көлденең автоклавтар болып бөлінеді. Автоклавтардағы температура мен қысым қол күші әдісімен реттеледі, немесе пневматикалық элекірлі бағдарламалық қондырғылар термореттеушілер арқылы жүзеге асырылады. Стерилизациялау бөлімінде автоклавтар топ-тобымен орналастырылады және жұмыста тасқындық жасау үшін корзинкаларды тиеу мен түсіруді үйымдастыру мақсатында автоклавтардың жоғарғы жағыда орау, буып түю цехін, автоклав жэне сортқа бөлу бөлімдерін жалғастыратын тельфер жолын кұрады. 12. Пастерлеу. Пастерлеу сыртқы ортадан оқшауланған өнімді термиялық өңдеуден өткізудің бір түрі болып табылады. Мұнда көп жағдайда микроорганизмдердің вегетативті формалары қүртылады. Осыған байланысты сапалы пастерлеуден өткен консервілер жасап шығаруда шикізатқа кейбір санитариялық-гигиеналық жэне

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==