Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Практикалық тәсілге сәйкес консервіленетін шикізатқа белгілі бір мөлшерде мейлінше кеңінен таралган, термиялық жағынан төзімді бактериялар түрін еңгізеді және А, С, Т, тұрақты мэнінде В үзақтығын кең көлемде өзгерте отырып, тәжірибе жолымен стерилизациялаудың қажетгі тэртібін анықтайды. Мұндай эдіс қол еңбегін көп керек етеді, эрі қателікке ұрындырады. Аналитикалық эдістеменің мәні: автоклав пен банкінің ортасындағы температура тәуелділігін анықтау, соның негізінде автоклавтагы жұмыс тәртібін және консервідегі микроорганизмдердің өлу жағдайын бақылауға алады. Аналитикалық эдістеменің пайдалану консервілерді жылу беру жолымен қыздыру жагдайында автоклавтагы температура айырмашылығының логарифмы және қыздыру уақытының арасындағы тәуелділік түзу сызықгы болган кезде мүмкін болады. Аналитикапық әдістемені тәжірибелік қолдану есеп формуласына енетін кейбір өлшемдердің маңызын эксперименталді жолмен анықтауды талап етеді. Стерилизациялау формуласын есептеудің мейлінше кең тараған жэне нақты дэлдігімен ерекшеленетін түрі графикалық эдістеме болып табылады. Бүл тәсіл консервіні стерилизациялаудың термограммасын түрғызуға, споралардың (Ғ - эсер) инактивацияларының жалпы тиімділігін анықтауға жэне соңғысын нормативтік есептеу тиімділігі мен салыстыруға (Ғо) негізделген. Консерві өндірісіне стерилизациялау тиімділігі ұгымы температура әсерінен және стерилизациялаудың ұзақтығынан алынған интегралдық эсердің әр түрлі тәртіптерін бірыңғай салыстырмалы көрсеткіштерге реттеуге енгізілген. Стерилизациялау әсері (Ғ - эсер) белгілі температурада (шартгы) минутгармен берілген консервілерді стерилизациялау тэртібінің сенімді көрсеткіші. Шартты температура ретінде 121,1 °С алынады. 8. Стерилдеу техникасы. Аппараттар ішінде стерилизация процесінде банкілерде артық қысым пайда болу салдарынан консервілердің тұтастығының бүлінуіне жол бермеу үшін сол қысымға қарсы шаралар қолданылады. Артық қысымның мөлшері консерві түрлеріне, ондагы суға, ауаға, газға, қыздыру процесінде өнім көлемінің ұлғаюына байланысты.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==