ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨШМДЕРШ TIKE БУЛАНУ (СУБЛИМАЦИЯ) АРҚЫЛЫ КЕПТІРУ Тіке булану арқылы кептіру дегеніміз вакуум жағдайында мұздатылған өнімнен мұздың тікелей буға айналу жолымен сұйық фазаны айналып өтіп, судың негізгі массасьтн аластау процесін айтады. Атмосфералық қысымда ылғалды аластау баяу өтеді. Кептіру қондырғыларында мұздың тіке булануын едәуір интенсивті көтеру қоршаған ортаның- қысымын төмендету және өнімге ылғалдың булануы кезіндегідей энергияның эквиваленты шыгыны мөлшерінде жылу жұмсағанда гана қол жетеді. Вакуум жағдайында теріс температурада материалды сусыздандыру өнімнің алғашқы құрылымын сақтап қалуды қамтамасыз етеді, қыздыруға төзімді заттардың анағұрлым өзгерістерге ұшырауына жол бермейді, сусыздандыруда микробтық, ферментгі жэне қышқылдану процестерін іс жүзінде мулде болдырмайды десе де болады. Тіке булану арқылы кептіруде өнімдер өзінің алғашқы көлемін сақгайды, құрылымы сол қалпында қалады, тез сусызданады. Суландырған кезде ет өзінің бастапқы қасиетіне келеді. Ет жэне ет өнімдерін консервілеуде бұл эдісті өнеркәсіптік қолдануды молайту, кегггіру процесін жетілдіруге жэне арзандатуға, өнімнің сапасын жақсартуға бағыгталған зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді. Техникалық қуралдар Тіке булану кептіргішінің қондырғысы кептіру камерасынан, судьщ буьш- конденсацияланбаған газды аластайтын құрьшғыдан және бақылау жэне кептіру процесін ретгейтін құрапдардан, тутас герметизациялау жүйесінен іұрады. Кептіру объектісі орналасатын камераның цилиндр жэне тік бұрышты формасы бар жэне көп жағдайда плита түріндегі қыздырғыиггарымен жабдьнсгалган. Отандық көптеген қондарғыларда қыздыру электр энергиясымен немесе айналмалы жылу бергіштер арқылы жүзеге асырылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==