Мүздагу уақыты - 20-25 °С-та 3-4 сағат. Пельмендерді картон қораптарға 350, 500, 1000 г. өлшеп салады. 4. Қус етінен жасалган дүмбілдер. "Комплекс" ғылыми-өндірістік бірлестігінде тауық етінен дүмбілдер жасау технологаясы мен тасқынды желі жасалды. Тауық етінен: сүйекті филе, сүйексіз филе, сан ет, сирақ, тауықгың аяғы, көже жиынтығы өндіріледі. Сонымен қатар балапан етінен, бапапан етінен «Әуесқойлық» дүмбілдері жасалады. Бұлар үшін - I және II категориялы балапан ұшалары қолданылады. Тексерілген балапан үшаларын мойынынан бастап төс сүйегінен жэне қарнының ортасынан бастап бөледі. Екі бөлікті буып түйіп, дүмбіл ретінде сатуға жібереді. Шығымы - 97,2 %. Әуескойлық балапан етін шығару үшін екіге бөлінген ұшаны тұздап, астаудағы түздыққа батырады, 2-4 °С-та 24 сағат үстайды, содан соң жэшікте 3-4 сағаг сақтайды. Буып түйген соң, оны сатуға жібереді, Шығымы-100,6 %. Құстардың басы мен аяғын үйыма және көже жасауға жібереді. Жүмсақ субөнімдерді-кулинарлық паштет жасауға жұмсайды, құсты өндеу кезінде 5-10 % дейін үсақ ет алынып, «Қүс етінің жиынтығы» деген дүмбілге жібереді. 5. Жылдам мүздатылған екінші тағамдар. Бүл өнімдер қосымша кулинарлық өңдеусіз түтынуға арналган, ягни оларды тек ысыту керек. Қазір бүүтырылған сиыр еті, гуляш, бефстроганов, котлетсер, гарнир бар шұжықтар, құймақгар шығарылады. Гарнир ретінде қарақұмық (гречка), күріш, капуста, сәбіз, картофель т.б. қолданьшады. Дүмбілдерді дайындап, турайды, пісіреді, ыдысқа салады, мүздатады, буып-түйеді. Мұздату -35 -40 °С -та 1,5-2 сағат өнімнің ішіндегі температура -18 °С жеткенше жүргізіледі. Дайьш өнімді картон қораптарға салады. Массасы - 20 кг. Тураманы дайындау - дүмбілдер дайындауға үқсас. Дүмбілді фритюрде 110-120 °С қуырады немесе бумен 8-10 мин 75 °С дейін пісіреді (тефтели, котлет, крокет), немесе аз майға 150-160 °С 20-25 мин куырып (бифштекс), ыдысқа салын мұздатады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==