Суйексіз дүмбілдер - сіңірлерден, беткі қабықшадан тазартылган, егтің ең жақсы бөлігінен алынған таза ет. Оларды 250- 1000 г. Салмақты үлестерге бөліп буып түйеді. 3. Тоңазытылған шабылган дүмбілдер. Ассортименті - котлеттер (москвалық, үйлік, киевтік, шаруа), бифштекс, шницель, ет турамасы, шабылған котлеттер, еттен басқа олардың қүрамында белок компонентгері - құрғақ сүт, қан плазмасы мен сарысу, өсімдік тектес белок препараттары (соя. т.б.) жұмыртқа, меланж, жұмыртқа ұнтагы, шошқа терісі бар. Оларға шикі сиыр, шошқа майын, түздалмаған шошқаның қыртыс майын қосады. Рецептураларда нан, үнтақталған кепкен нан, картофель дәмдеуіш заттар бар. Шабылған дүмбілдер дайындау мына операциялардан түрады: шикізатты дайындау, нанды суға салу жэне ұсақтау, етті, майды ұсақтау, тураманы дайындау, дүмбілдерді формалау, буып түю, таңбалау және сақтау. Формалау үшін автоматтар АК-2М-40 К6- ФАК-50/75Ү (20 мын котлет/сағ) және тасқынды желілер К6-ФАК- 200, К6-ФЛК-200 қолданылады. 250 г. бифштекстерді АР-1М автоматында өлшеп-орайды. Ет турамасы - сиыр, қой, шошқа, ерекше турамасы түрінде шығарылады. Технологиясы мынадай - шикізатты дайындау, тураманы жасау, үлеске бөлу-пергамент үсақ қағазға немесе фольгаға, (АРҚМ автоматында 250, 500, 1000 г-нан) автоматтың өнімділігі - сағатына 2400-43200 орама. Мүздатылған шабьшған өнімдер: фрикаделькалар, ет крокетгері, диеталық кнельдер москвалық кюфта, бифштекс, ромштекс, пельмендер. Дайын өнімдерді табақтарда немесе болат таспаларда, мүздату камерасында — 10 °С төмен температурада қатырып, 350, 500, 1000 г картон қораптарға салады. Бір фрикаделька - 7-9 г, крокет - 30 г. Пельмендерді үздіксіз жүмыс істейтің СУБ қондырғысында жасайды. Бүл автоматта тураманы, қамырды мөлшерлеп беру, қалыптау, пельмендерді табақшаларға салу іске асырылады. Пельмендерді - 10 °С мүздатыгі, арнаулы машинада ұн мен камырдың қалдықтарынан тазартады (галтовка).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==