Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

ірі қара малдың терісінің 20-30 %, ал шошқа мен ұсақ малдың терісінің 50 % қолмен сыпырылады. Ушаның қоңдылығы жоғары болған сайын қолмен сыпырылатын терінің ауданы өседі. Қолмен тері сыпырудың сапасы келесі теріні толығымен сыпыруға үлкен эсерін тигізеді. Қолмен тері сыпыруды ұшаның көлденең немесе тік күйінде жүргізуге болады. Тік күйінде теріні қолмен сыпыру өте қолайлы, бүл өндірістің ауданын қысқартады және еңбек өнімділігін 2 есе арттырады. Теріні қолмен сыпыру үшін әртүрлі пышақтар, сонымен қатар электрлік немесе гіневматикйлык жетегі бар механикалық пышақгар да қолданылады. Мысалы, дискілік пышақта тістері бар дөңгелектер бір-біріне қатты қысылған, олар минутына 2800 айналыс жасайды. Осындай пышақтарды қолдану еңбек өнімділігін 20 % арттырып, терінің сапасын жақсартады, етпен майдың кесілуін азайтады. Үшаның терісін сыпыру қиынға түсетін жерлерді колмен сыпыратын терінің ауданын азайіу үшін қатгы қысымдағы ауамен (ЗхЮ5 Па) үрлейді. Мапдардың терісін толығымен механикалық жолмен сыпырады. Бүл үшін үздіксіз және үздікті істейтін механикалық қоңдырғылар қолданылады. Олар Ленинград, Баку, Москва, Брянск, Семей ет комбинаттарында, БЕӨҒЗИ-да жасалынған. Конвейерлік үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылар еңбек өнімділігі жоғары ірі ет комбинаттарында қолданылады. Мысалы, «Москва-4» қондырғысы ірі қара малдың терісін сыпыру үшін қажет. Еңбек өнімділігі сағатына - 75 және 150 бас. Агрегат бір қабатта орналасады. ¥сақ малдың терісін сыпыру үшін конвейер тигггес Улан-Удэ ет комбинатының қондыргысы пайдаланылады. Қойдың терісі қүйрығынан мойнына қарай алдыңғы аяктарын бекітпей-ақ сыпырылады. Аспалы жолга қарағанда қондырғы 60° бұрьгшпен орналасқан. Бір уақытта бірнеше үшаның терілерін сыпыруға болады. Еңбек өнімділігі - сағатына 900 басқа дейін. Шагын кәсіпорындарда қойдың терісін барабанды қондыргыларда сыпыруга болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==