Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

ДҮМБІЛДЕР ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ М¥3ДАТЫЛҒАН ЕКПШІІ ТАҒАМДАР Дүмбілдер шығаруға ет өнеркәсібінде үлкен маңыз беріледі. Олардың ассортимент! эр түрлі. Кәсіпорындар оралган ет, субөнімдер, дүмбілдер, жылдам мұздатьшған дайын екінші тағамдар шығарады. 1. Өлшеп, оралған ет және субөнімдер. Өлшеп оралған ет өндірудің технологиялық сызбасы мындай: ұшаны мүшелерге бөлшектеу және кесу; мүшелерді үлестерге кесу, оларды өлшеп, стандартқа сэйкес салмаққа жеткізу; буып түю және таңбалау; ыдысқа салу. Етгі шығару үшін 1-Н кат. сиыр, бұзау, қой, ешкі еттері I, II. кат. шошқа еті қолданылады. Өлшеп, орауға ет кесіңдісінен басқа барлық 1 категориялық субөнімдері жэне шошқа қарнынан, көк бауырдан басқа II категориялық барлық субөнімдер түтас немесе бөлшектелген күйінде қолданылады. Ет пен субөнімдерді көбінесе тоңазытылған күйінде пайдаланады. Үшаларды мүшелерге арнаулы таспалы арамен (РЗ-ААВ-ГУ) бөледі. Мүшелер мен субөнімдерді үлестерге арнаулы тасқынды желілерде (ПЛМ-2М, В2-ФРП) бөлшектейді. Бүл кезде шикізаттьщ 0,7-1,4 %-і үсақ кесінді, қиқым турінде жоғалады. Өлшеп оралған ет салмағы 250, 500 жэне 1000 г үлес түрінде шығарылады. Салмағы 0,4 кг 1 кг дейін бір кесек түріндегі ет немесе субөнім шығаруға болады. Әр үлесті арнаулы полиэтилен, повиден т.б, қалтага салып, орайды. Салмақ ауытқуы - 1%. 2. Дүмбілдер. Өнеркәсіп шығаратын ет дүмбілдері эр түрлі (ірі кесекті, үсақ кесекті, жұмсақ, ет-сүйекті, сүйексіз, шабылган, гоңазытылған және мүздатылған, балаларға арналған). Ірі кесекті дүмбілдер үшаның белгілі бөлігінен кесіліп алынған жүмсақ ет кесектері. Олардан тек беткі қабықшамен ірі сіңірлерді кесіп алады. Технология мынадай: ұшаны бөлшектеу, сүйектен етгі айыру жэне ірі кесекті дүмбілдерді бөлу, буып тую, мұздату, таңбалау және сақгау.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==