Олар етке қарағанда барынша арзан, ал ондағы өсімдік жэне мал компоненттердің байланыстырылуы зағамның жоғары дәмдік қасиетін жасауға мүмкіндік береді. IІіет елдік фирмалардың шыгаратын қоспалы консервілеріндегі еттің мөлшері рецептура бойынша 4 - тен 12% - ға дейін, ал белоктың массалық үлесі 2,5- 3,5%-ды қүрайды. Оларды дайындауға пайдаланылатын шикізатгар сиыр, бұзау, шошқа, қозы, қой, қүс еттері жэне өсімдік шикізаттары - әр түрлі көкөністер, бүршақ, астық жэне макарон өнімдері. Дайындалған консервілердің құрамы және тағамдық қүндылық көрсеткіштері көрсетілген. Балалар рационының әр түрлі болуы үшін 5 айлық жастан бастап, балалар тағамына европалық фирмалар балық тағамдарын енгізуді ұсынады жэне камбала, ақсерке, нәлім балық жон еттеріне эр түрлі өсімдіктер қоспасын пайдаланып, консервілер шығаруды ұсынады. Ресейде қазіргі уақьггта ет жэне ет - өсімдік балалар консервілерін шыгару дұрыс игерілген, құрамындағы ет компоненггерінің сэйкестігі 40-60% жэне 20-29%. Олар жоғары тағамдық қүндылығымен және жақсы дэмдік қасиеттерімен багаланады. Алайда, бүгін экономикалық қиын жағдайда, отандық ет шикізатгарының жетіспеушілігі, ғылыми негізделген технологиялардың, арнаулы құрал- жабдықтардың жоқгығы ерте жастағы балалар тағамын талаптарға сай өндіруді қамтамасыз етпейді. Шетелдік фирмалар өнімдеріне ұқсас отандық балалар консервілерін жасап шығару міндеті туындайды. Ет өнеркәсібі ғылыми - зерттеу институтының балалар тағамы зертханасының мамандары Ресейлік «Теледиск Холдинг» фирмасымен бірлесіп, Ресей медицина ғылыми академиясының тамақгану институтының қатысумен балалар тағамы үшін өсімдік - балық жэне өсімдік —ет консервілерінің жаңа түрін жасады (ТШ 9161-722-00419779-02), ол балалар организмінің биологиялық ерекшеліктеріне сэйкес. Поликомпонентті консервілердің қүрамында эр түрлі қоспалардың көкөністер, ет, балык, жарма болуы баланың денсаулығына байланысты жэне дэміне сәйкес жекелеме тағамдарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Осымен қатар компоненттің әр қайсысы тиісті роль атқарады, қосылған тағамдардың эр түрлі дэмі және әр алуан нутриенттердің алма-кезек толықгыру балансы негізінде тағамның теңдестігін қамтамасыз етеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==