Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Гомогенделген копсервілер Балаларга арналған консервілер жасал шығару өндірісіндегі технологиялық прцестің бір ерекшелігі бірыңғай жеңіл, біркелкі ұсақталған, ет шикізаты алдын ала термиялық өңдеуден өткізіледі. Ет шикізатын қыздырып өндеуден өткізу суда пісіткілеу жолымен жүргізіледі, кейін оның сорпасы бөлініп алынады. Ет шикізатын алдын ала қыздырып өңдеу процесін жеделдету жэне дайын өнімнің биологиялық құндылыгын көтеру мақсатымен пісіткілеу дэстүрлі процесі жылумен өңцеудің мейлінше жаңа түрі - үзіліссіз жұмыс істейтін қондырғыларда бу арқылы түйістіріп қыздырумен алмастырылады. Етті ірілеп туралган және езбе тәріздес консервілер Бірыңғай, жұмсақ, біркелкі ұсақталған балалардың өңештерінен жеңіл өтетін масса any мақсатымен экстракты заттарынан айырмай алдын ала жылу арқылы өңделген ет шикізатгарын кідіріссіз жүмыс істейтін арнаулы машиналарда өңдеуден өткізеді. Консервілерді шығару процесінің узақтығы яғни бумен түйістіру арқылы шикізатты қыздыру аяқталғаннан бастап, стерилизадияның басталуына дейін 50-60 минуттан аспауы тиіс, соның ішінде бөлшектеп өлшеу процесінен бастап, стерилизацияның басталуына дейінгі аралық 30 минутган артпауы керек. Стерилизация тэртібі жэне өнімді одан эрі өңдеу, ыдыстарды эзірлеу жұмысы - гомогенделген консервілер өндірісіндегі сияқгы болып келеді. Балалар үшін жасалынатыы жаңа компоненты консервілер Кейінгі жылдары балалар тағамы консервілерінің түрлері біздің базарға тағамдардың шетелдік өнімдердің келуі себебінен мейлінше ұлгайды. Бұл жэне ет негізіндегі консервілерге де қатысты. Ресейде жэне ТМД елдерінде бұрынғы жылдары балардың таза ет консервілерін өндіруге мән берілді, бірақ ол уақытта консервілер арасындағы негізгі орынды, шет елде шығарылатын өсімдіктерден жасалган немесе ет - өсімдік арапас тағамдар алады. Олардың құрамына еттен басқа эр түрлі көкөністер, тары жармалары жэне басқа толыкгырғыштар кірді. Бұндай консервілерді Gerber; Heinz (АҚШ), Semper (Швеция), Нірр (Австрия), Nestle (Швейцария), Milupa (Германия) жэне т.б. фирмалар жасап шыгарады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==