Шикізаттарға қойылатын талаптар Балалар өнімдердін жасап шығару үшін, сиыр еті, субөнімдер, өкпе-бауыр, жылқы, шошқа еттері, құс еті (балапан) пайдаланылады. 1 жасар бөбектер үшін консервілер жасап шығарудың шикізатгары - өнеркәсіп негізде бордақыланған 12-20 айлық өгізшелер еті болып табылады. Жас балалардың тағамдары үшін бауыр, тіл, ми пайдаланылады. Балаларга арналган ет консервілерінің биологиялық құндылыгын көтеру мақсатымен және олардың қүрамының жас балалардың ас қорытуына жэне заттар алмасуының физиологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі үшін, ет шикізаттары белок шикізаттарының басқа да түрлерімен (қаймақсыз сүт, май, су, сары су, гидролизденген көкөніс ақуызы, соя жэне жүмыргқа ақуыздары, т.б.) байытылуы мүмкін. Құс еті, әсіресе балапандардың еті толық қүнды акуыздың көзі болып табылады, бүларда байланыс талшықтары аз болады, мүның өзі оны балалар организмінің жеңіл қортуына жэне сіңуіне себеп болады. Механизм күшімен сылынған балапан етінің биологиялық құндылыгы өте жоғары. Балапан етінен балаларға арналған консервілерді жасап шығару мерзімі 2 сағаттан аспауы керек. Өндірістегі ауаның температурасы 12°С артпауы қажет. Технология Балалар тағамына арналган ет консервілері өндірісі жалпы технологиясының сызбасы төмендегідей. «Малыш» консервісін жасап шығару үшін, сіңірленген сиыр етіндегі майдың мөлшері 5% аспауы тиіс, ал «Мясное пюре детское» консервісінде майлылығы 6-9%. Сіңірленген шошқа етінде май мөлшері 10-15% қүрайды. Қүс етін механикалық эдіспен сылуға жібергенде оны алдын ала 0-4°С температураға дейін салқындатады, немесе -2-3°С дейін мұздатады. Бұл істе «Бихайв» типті сылу машинасы пайдаланылады. Сылу жұмысы жүргізілген уақытты сылынған егтің мөлшері жалпы шикізаттың 60% артпауын қадағалау қажет.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==