өте жоғары жиіліктегі ток өрісінде қыздырылганда өнімдегі микроорганизмдер тез өледі. Атап айтқанда, стерилденген етті 145°С температурада 3 минуттың ішінде қыздырганда алуга болады. Ал әдеттегі стерилизациялау 115-118°С температурада 40 минутта іске асады. Сонымен қатар жоғары жиілікте және аса жоғары жиіліктегі тыс өрісте қыздырганда өнімнің тағамдық құндылығын сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Жогары жиіліктегі мен аса жогары жиіліктегі өрісті шыны немесе полимер ыдыстарға салынған өнімдерге қолдану тиімді екенін атап өткен жөн. Иондаушы сәулелермен стерилизациялау Иондаушы сәулелерге катодты сэулелер - шапшаң электрондар тасқыны, рентген сэулелері (жиілік - 1018- 1019 Гц) және гамма- сэулелері (Ю20 Гц) жатады. Иондаушы сэулелер жогары бактерицидтік әрекетке ие және өнімді қыздырмай толықтай стерилизациялауды қамтамасыз етуге қабілеті. Радиоактивті сәулелердің ішінде жогары өтімдік қабілеті бар гамма-сәулелердің практикальщ маңызы бар. Иондаушы сәулелермен стерилизациялаудың ұзақтығы ондаған секундке созылады. Кез келген консервілер түрлерін орап түйіп, тұмшалап жабуға болады. Алайда, сәулелендірудің жоғары қарқыны еттің құрамды бөліктерінің өзгерістеріне әкеп согады. Сонымен бірге, иондаушы сәулелермен өндегенде банкілер ішіндегі өнімдер шикі күйінде қалып қояды, стерилизациялаудан кейін қыздырудың әдеттегі тәсілдерінің бірімен оны тағамдық эзірлікке жеткізу қажет. Қызган ауамен стерилдеу Бүл тэсілді көлбеу конвейерлерде немесе банкілер шынжырлы транспортерлермен жылжып, сонымен бір уақытта өз-өзінен айналатын стерилизаторларда, болмаса банкілер аппаратгың он бойы бағытымен домалайтын қондырғыларды қолдануға болады. 120°С кызған ауа стерилизаторда 8-10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бұл тәсіл қыздыру орталығында консервіге жылу беруді күшейтуге мүмкіндік береді, әрі өнімнің жоғарғы қабатының күйіп кетпеуіне кепілдік береді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==