Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Консервілерді стерилдеудін тәртібін есептеудің принциптері Стерилизациялау формуласының символикасы өнімдегі микрофлоралардың құртылу тиімділігі туралы ұғым бермейді. Сонымен бірге, консервіЛердің алуан түрлері үшін пайдаланылатын стерилизациялау тәртібі А мен С бірдей мэні кезінде В үзақгығымен жэне Т - температурасымен ерекшеленеді. Мұның өзі олардың стерилизациялау әрекетін салыстыруды қиындатады. Жылу стерилизациялауының микробиологиялық, биохимиялык жэне физикалық жылу негіздерін білу - жекелеген факторлардың және қоршаган ортаның ми кроорганизмдердің тіршілік дәрежесіне ықпалын бағалауға мүмкіндік береді, бірақ В маңызын жэне қандай да болмасын стерилизациялаудың тиімділігін нақты белгілеуге мүмкіндік бермейді. Стерилдеу әсерінің шамасы бойынша стерилдеу формуласын анықтау Стерилизациялаудың тиімділігінің белгісі ретінде микроорганизмдердің инактивациялану дэрежесін пайдалана отырып, стерилизациялау формуласын практикалық, аналитикалық және графикалық тәсілдермен анықтайды. Практикалық тәсілге сәйкес консервіленетін шикізатқа белгілі бір мөлшерде мейлінше кеңінен таралған, термиялық жагынан төзімді бактериялар түрін еңгізеді жэне А, С, Т, түрақды мәнінде В ұзақтығын кең көлемде өзгерте отырып, тәжірибе жолымен стерилизациялаудың қажетті тәртібін анықтайды. Мұндай эдіс қол еңбегін көп керек етеді, әрі қателікке үрындырады. Аналитикалық эдістеменің мэні: автоклав пен банкінің ортасындағы температура тәуелділігін анықтау, соның негізінде автоклавтағы жұмыс тэртібін және консервідегі микроорганизмдердің өлу жагдайын бақылауға алады. Аналитикалық әдістемені пайдалану консервілерді жылу беру жолымен қыздыру жағдайында автоклавтағы температура айырмашылығының логарифмы жэне қыздыру уақытының арасындағы тәуелділік түзу сызыкты болған кезде мүмкін болады. Аналитикалық әдістемені тәжірибелік қолдану есеп формуласына енетін кейбір өлшемдердің маңызын эксперименталді жолмен анықтауды талап етеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==