Қимылсыздандыру түрлері: электр тоғымен, көмір қышқыл газ әсерімен және бас миына механикалық эсер ету арқылы (балғамен немесе өткір пышақпен). Естен тандыру кезінде малдардың жүрегі тоддап қалмауы тиіс, өйткені қанның шығуы төмеңдейді, ал ет тез бүзылады. Малды қимылсыздандыру үшін автоматтандырылған бокстар қолданылады: Малды қансыздандыру, тамақтық қанды жинау Ірі қара мал мен шошқа жансызданғанан кейін, ал қой сойылғанга дейін аспалы жолға көтеріледі. Әдетте ірі қара мал лебедканың (ауыр жүк көтерегін шынжыр) көмегімен, ал шошқа мен қой элеватормен көтеріледі. Алдымен ірі қара малдың артқы екі аяғына, ал шошқа мен қойдың артқы бір аяғына шынжыр байланады. Ірі қара малға қан шығармас бұрын ілулі түрган кезінде өңешіне лигатура салынады. Лигатура салу үшін мойын маңындағы теріні кесіп, өңешті басқа іргелес үлпалардан айырып алады. Асқазанның ішіндегі заттар сыртқа шығып кетпес үшін өңешті байлап немесе қысқышпен қысып қояды. Ірі қара малдың, шошқаның қанын тамақ өнімдеріне жэне емдік затгар жасау мақсатымен жинауға болады. Қанды қуыс пышақпен немесе арнайы қондыргылармен (жабық тэсіл) жинайды. Жабық тэсілмен жинағанда қан ластанбайды және қанның шыгымы да көбірек болады. Қуыс пышақ тот баспайтын болатган жасалады. Пышақтың бір шеті үшкір болады, ал екінші шетіне резеңке түтік кигізіледі. Түтіктің екінші шеті қан жинайтын ыдысқа салынады. Қан жинау кезінде қуыс пышақты мойынга кіргізіп, кеңірдек жаққа қарай бағытгайды, қуыс пышақтың үшы жүрек айналасындағы ірі қан тамырларын кесу керек. Сонда қан пышаққа кигізілген түтікпен қан жинайтын ьвдысқа қүйылады. Қанды тамақтық мақсатпен жинағаннан кейін, қан толық агу үшін ірі қара малдың мойын айналасындағы ірі қан тамырларын кесіп жіберу керек, ал шошқаның кеуде сүйегінің астындагы күре тамырды пышақпен кесу керек.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==