Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Микробтық ластануды төмендетуі үшін ыдыстар алдын ала санитариялық өңдеулуден өткізілуі тиіс, мұның өзі стерилизациялаудың тиімділігіне ықпап жасайды. Атал айтқанда, шыны банкілерді 2-3% натрий гидроксидінің ерітіндісімен, натрий фосфатымен жэне басқалармен жуады. Банкілерді жуылганнан кейін өткір бумен және ыстық сумен өңдейді. Шыны ыдыстарын түмшалауға арналған металл қақпақтарды қайнаған суда 2-3 минут бойы стерильдейді. Жуу процесі жуылған банкіден кемінде 99% микроорганизмдерді аластатуды қамтамасыз етуге тиіс. Шыны жэне қаңылтар ыдыстарды санитариялық жағынан өндеу жэне одан кейін кегггіруді конвейер типті арнайы қондырғыларда жүргізіледі, бұлар өз кезегінде жуу, жидіту', бүрку және кептіру секцияларына бөлінеді. Үлестер салынатын банкілерде су қалдықгары болмау керек. Үлестеу мен банкілерді жабу Кез келген типті машиналарда банкілерді жапқан соң технологиялық желілерде толтырылған және жабылған банкілердің тұмшаланганын тексеру жүргізіледі. Тексерудің мақсаты - дүрыс жабьшмаған банкілерді стерилгоациялауға жібермеу, өйткені жылумен өңдеу барысында банкінің ішіндегі заттар ағып кетуі мүмкін. Банкілердің түмшаланғанын тексерудің бірнеше тәсілі бар: көз мөлшермен (сырттай байкау), ваннада сумен бақылау, ауа жэне ауа - су тестерлерінің көмегімен. Көз мөлшермен тікелей ковейерде жігі жатын қарап шығады, бірақ ақауды тек гүмшаланбағанын нақты көргенде ғана анықтауға болады. Семей ет комбинатында банкілердің дүрыс тұмшаланганын тексеру үшін су қүйылған бақылау ваннасын пайдаланылады, оны іші ақ бояумен боялған, жақсы жарықталған жэне ыстық сумен толтырылған (80-90°С), ағын бойынша жабылған банкілер қозғалады. Банкілердің түмшаланғаны туралы суда пайда болатын көпіршіктерден аныктауға болады, ол қыздырудан банкіден шыгатын ауа көлемінің үлғаюы салдарынан болатыны белгілі. Бақылау процесінде банкідегі өнім алдын ала ішінара қыздырылады, сонымен қатар банкілер жуылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==