Көмекші материалдарды дайындау Банкілерге өлшеп салынар алдында ет шикізатымен араластырғанға дейін немесе бүларды енгізер алдында өсімдіюгерден алынған қосымша материалдарды қарап шыгады, сортқа бөледі, бөгде қоспалардан тазартады, сумей шаяды, сулайды, пісіткілейді, пісіреді т.б. Бұршақ тұқымдастарды қарап шығады, бөгде қоспалардан және ұсатылған дәндерден тазалайды, жылы сумей сулайды, жуады және 6-8 минут пісіткілейді. Жарманы бөгде қоспалардан тазартады. Күріш пен бұрыш жармасын жуады, бортуі үшін 8-10 минут булайды, және қайтадан суық суга жуады. Қарақүмық жармасын да табаларға салады, бөртуі үшін ыстық суға салады, бұдан кейін түзбен және дәмдегішпен араластырады, ыстық күйінде бөлектеп өлшеуге жібереді. ¥н бүйымдарын қарап шығады, бөгде қоспаларды аластайды, қайнап жатқан суда булайды да суық сумей жуады. Дайын консервілерге жуылган макаронға, кеспеге, вермишельге жабысып қалмау үшін май қүяды. ¥нды металл ұстағыштар арқылы өткізеді, майсыз бу қазандарында немесе плиталарда қуырады (пассерлейді). Көкөністерді (сәбіз, қызылша, капуста) іріктейді, жуады, қарап шығады, ластан, зақымдалған жерлерінен тазартады, үсақгайды. Картопты жуады, іріктейді, тексеруден өткізеді, тазалайды, екі қайтара жуады, турайды. Пияз бен сарымсақты қарап шығып, тазалайды, түбір жэне жоғарғы жағын кесіп тастайды, зақым келтен жерін аластап жуып көкөніс турағыштарда немесе куттерде турайды. Басқа да қосымша материалдарды тиісті алдын ала өңдеуден өткізеді. Ыдыстарды әзірлеу Өнімді бөлектеп өлшеп салуға ыдыстарды эзірлеуге кейбір талаптар қойылады: банкілер мен қақпақгар кіршіксіз болуға тиіс, дэнекерлеуден, майлаудан қалдықгар, металл шаңдары мен ұсақ ағаш үгінділері қалмауы керек, қақпактың тығындағышын жылумен өңдеудің нәтижесінде жүмсаруына жол бермеу керек. Корпус пен ыдыстың түбін байланыстыратын жік түмшалап жабылған жөн.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==