Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Шыгарылатын консерві түрлеріне байланысты олардың технологиялық сызбасы әр түрлі технологиялық операциялардан тұрады. Қолдануына байланысты операцияларды инспекциялық (шикізатгы көру, таңдап алу), дайындық (етін сылу, сіңірлеу, ұсакдау, алдын ала қыздыру, тұздау т.б.) және негізгі (үлестеу, қалбырға салу, жабу, залалсыздандыру) деп бөледі. Әр түрлі консервілердің технологиялық өзгешелігі шикізатты үсақтау дәрежесіне, рецептура айырмашылығына, пысытқылау, қуыру, ұнмен араластыру, тұздау, ыстау т.б. операциялардың болуына байланысты. Технологиялық сызбалар Негізгі операциялар сызбалардың көбінде кездеседі. Оларға - шикізатты дайындау, тазарту, етін сылу, сіңір-шеміршектерін тазалау, кесектерге кесу, үсақтау, үлестеу-ыдысқа салу, ыдысты жабу, қыздыру, салқындату. Таза кесек ет консервілерінің технологиялық сызбасы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==