Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Ыдысқа қойылатын талаптар. Сүрлеменің сапасы ыдыстың күйіне байланысты. Талаптар: дүрыс жабылуы (герметика), таттанбау; тазалыгы; жоғары жылу өткізгіштігі, жылуға шыдамдылық, беріктігі, аз салмақ, төмен баға. Ет консервілері үшін металл, әйнек, полимер ыдыстары қолданылады. Материалдар. Негізгісі - ГЖК маркалы табақ не орама түріндегі ақ, ыстық күйінде өңделген қаңышыр, не электролитпен өңделген ЭЖК маркалы ақ қаңылтыр, лакталған және хромдалған қара қаңылтыр: алюминий мен оның қоспалары - А7, А6, А5, АДО, АМц, АМг-2. Қаңылтыр ыдыс -шыныдан 3 есе жеңіл, өнімнің массасының 10-17 % тең, шыны- 35-50 %. Қаңылтыр жоғары жылу өткізгіш, механикалық беріктігі күшті, бағасы аз. Қаңылтырды екі жағынан қалайымен жабады. Оның тесіктері болады. Бұл «қаңылтырдың тесіктігі» деп аталады (1 см аудандағы тесік саны). Тесіктер оның коррозияға беріктігін азайтады. Қалайының қальщдығына байланысты қаңылтырды үш классқа бөледі: I класс - 1,32 - 0,4 мкм; II класс - 0,7 - 0,77; III класс - 1,04—1,15 мкм; Таттанудан сақтау үшін қаңылтырды лактайды. Лак зиянсыз, тамақтық болады. Полимер ыдысты- ламистерді - алюминий фольга мен полипропиленнен алады, жеңіл қалыптанады, жылу- физикалық қасиеттері жоғары жеңіл, таттанбайды. Тасқынды желіде пайдалануға болады. Консервілерді формасына (пішін), сыйымдылығына және жасалуына байланысты бөледі. Пішініне байланысты - цилиндр түрінде, фигуралы - сопақ, эллипс, тік бүрыпггы. Сиымдылығына сәйкес - ұсақ (1 л-ге дейін), ірі (1 л көп) деп бөледі. Қүрастыруға байланысты жиналған, тілі бар жиналған, түтас соғылған деп бөлінеді. Есептеу мен жоспарлауды жеңілдету үшін консервілерді шартты бірліктер арқылы санайды. Кез келген ыдыстағы шартты банкі санын есептеу үшін оның көлемін 353,4 мл-ге бөледі. Физикалық банкілерді шартты банкілерге ауыстыру коэффициент

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==