сэйкес салмаққа жеткізу; буып- түю жэне таңбалау; ыдысқа салу. Етті шығару ушін І-ІІ кат. сиыр, бұзау, қой ешкі еттері I, U. кат. шошқа еті қолданылады. Өлшеп, орауға ет кесіндісінен басқа барлық I категориялық субөнімдері жэне шошқа қарнынан, көк бауырдан басқа II категориялық барлық субөнімдер тұтас немесе бөлшектелген күйінде қолданылады. Ет пен субөнімдерді көбінесе тоңазытылған күйінде пайдаланады. Үшаларды мүшелерге арнаулы таспалы арамен (РЗ-ААВ-ГУ) бөледі. Мүшелер мен субөнімдерді үлестерге арнаулы тасқынды желілерде (ПЛМ-2М, В2-ФРП) бөлшектейді. Бүл кезде шикізаттың 0,7-1,4%-і үсақ кесівді, қиқым түрінде жоғалады. Өлшеп оралған ет салмағы 250, 500 және 1000 г үлес түрінде шығарылады. Салмағы 0,4 кг 1 кг дейін бір кесек түріндегі ет немесе субөнім шығаруға болады. Әр үлесті арнаулы полиэтилен, повиден т.б. қалтаға салып, орайды. Салмақ ауытқуы - 1%. Дүмбілдер Өнеркәсіп шығаратын ет дүмбілдері эр түрлі (ірі кесекті, ұсақ кесекті, жүмсақ, ет - сүйекті, сүйексіз, шабылған, тоңазытылған және мүздатылған, балаларға арналған). Ірі кесекті дүмбілдер ұшаның белгілі бөлігінен кесіліп алынған жүмсақ ет кесектері. Олардан тек беткі қабықшамен ірі сіңірлерді кесіп алады. Технология мынадай: ұшаны бөлшектеу, сүйектен етгі айыру жэне ірі кесекті дүмбілдерді бөлу, буып тую, мүздату, таңбалу жэне сактау. Ірі кесекті дүмбілдерді І-ІІ категориялы сиыр, қой, ешкі, жэне I -IV категориялы шошқа етінен алады. Бүқа, қабан шошқа еттерін, арық ет жэне бір реттен көп мұздатылған етгі пайдалануга болмайды. Сиыр етінен - арқаның ұзын бұлшық етін, сан еттен, сыртқы, ішкі жэне жоғарғы кесектерді, жаурыннан (иық жэне жауырын кесектерін), төстен дүмбілдерді жасайды. Котлет жасайтын етті - мойыннан, қабырға етінен, үсақ еттерден алады. Ірі кесекті дүмбілдердің сапасы мен шығымы сүйектен етггі сылу (обвалка) тэсіліне байланысты. Тік әдіс көлденең әдіске
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==