есеппен 0,4 шаршы метр алаң болу керектігін ұсынады. Жылдамдық орта есеппен 31 км/сағат. Жол, ауа райы, тагы басқа жагдайларға байланысты жылдамдық 16-55 км/сағат аралыгында ауытқып отыруы мүмкін. 100 километрге дейінгі қашықтыққа тасу кезінде тірі салмақтың кемуі тиер алдындағы тірі салмақгың 3 пайызынан аспауы керек. Машинаға тиеу және оларды тасу кезіңде малдың жарақаттанып қалмауын қадағалап отыру қажет. 300 километрлік қашықтыққа дейін ұсақ малды автомобиль транспортымен тасып жеткізу тиімдірек. Барлық ет комбинаттарына негізі, алыс қашықгықган тасуга жабдықталғандарын есептемегенде, мал тек автотранспортпен тасылуы керек. Малды автомобильмен тасымалдағанда, оларға жеткізуші кісі тағайындалады. Ол малдың күйі мен аман сакталуын бақылап отыруы тиіс. Мал тасуға табанынан есептегенде қорабының борты 1,5 метрге дейін биіктетілген жүк машиналары пайдаланылады. Машинаның бортын биіктететін шарбақ шегелері борттың ішкі жағына қарай шығып тұрмайтыңдай (бұл малды жарақаттауы мүмкін), алмалы- салмалы етіп жасалынады. Шарбақтар машинаның қорабын брезентпен жабуға ыңгайлы етіп жасалады. Темір жолмен тасылатын барлық жүк шаруашылықгық маңызы бойынша қолданылып жүрген ережелерге сәйкес екі категорияға бөлінеді. Мал тасу ерекшелігі есепке алына отырып, оны тасу бірінші категорияға жатқызылады (жылдамдығы жоғары). Темір жолмен тасу кезінде малдың тірі салмагы мен қоңдылығын сақгау ушін оларды жөнелтуге 8-10 күн қалғанда транспорт режиміне қояды. Бул кезеңде оларға жол үстіндегі жағдай жасалады. Яғни олардың рационына жолда азықтандырылатын азықгар енгізіледі. Малды тәулігіне 2-3 per азықгандырып, суарады. Ет комбинатгары мен мекемелерінің қабылдау пунктеріңде қой қабылдау кезінде, егер қабылдаушы әкелінген малды екі сағатган кешіктірмей қабылдаса, асқазан-ішек жолдарындағы азық үшін нақты тірі салмағының үш процентін шығарып тастайды. Асқазан- ішек жолдарындағы азықтар мынадай жағдайларға кемітіледі: - 50-100 километрге дейінгі қашықтықган автомобильмен әкелінген малды қабылдағанда 1,5 процент кемітіледі, 100
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==