Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

59-сурет. «Допты бер de, шық» өзара қимылын тоскруылга арналган финтпен байланыстыру «Допты бер де, шақ» әдісін қарсылас қалқанына дейінгі қашықтықты қарқынды бағындыру үшін тез топ жару барысында және саи жағынан басым түсу екеуі біреуге қарсы - 2x1 ойынын іске асыруда кеңінен қолданады. Бүндай өзара әрекетті пайдалану тиімділігі көп жағдайда баскетболшының қысқа жолмен қалқанға батыл әрі шешімтал жұлқынып шығуына және оның тосқауылдан және қарсыласының ығыстыруынан тайсалмай допты алуға дайын- дығына байланысты болады. Тосқауыл. Тосқауылдың мәні мынада: ойыншы өзінің әріптесін бақылаушы қорғаушыға ол бақыланушының кетіп қалуы мүмкін жолын қадағалайтын қысқа жолды бөгейтіи орын таңдайды. Ойыншы қорғаушының қозғалысын тежейді немесе әріптесінің жолына қарағанда үзағырақ жолмен жүруге оны мәжбүр етеді, сол арқылы әріптесіне сәл уақытқа еркіндік алып шығыршықты шабуылдауға мүмкіндік береді. Мүнда тосқауыл қойған ойыншы қозғалыссыз қалмайды: қорғаушының алдынан шығып, ол бүрылады және шаб- уылға қолдау көрсету үшін қалқанға шығады. Добы бар ойыншы әрқашан тосқауыл қойғаннан соң дереу шабуылға кірісетін әріптесі қарсыласы үшін өте қауіпті болатынын ескерген жөн. Тосқауылдың үш түрі бар: қапталдық, артқы және алдыңғы. Егер тоскауыл қоятын ойыншы әріптесін бақылаған қорғаушы- ның артқы жағына немесе қапталына орналасса, онда бүл қаптал- дық немесе арпщы тосқауыл деп аталады. Оның мақсаты - добы бар немесе добы жоқ әріптесін жүргізіп өтуге немесе керекті бағытқа 98

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==