3) Егер шабуылшыны қашықтықтан жүрістен жақсы секіретін және секіре доп салуға жақсы қарсы әрекет көрсететін қорғаушы бақыласа, онда онымен арқамен алға қарай жүргізу арқылы жа- қындап, сосын бүрыла секіріп доп тастап, артқа кету керек. Қор- ғаушыға оған тура қысқа тез жүргізу көмегімен бетпе-бет келіп жақындап, лақтыруға арналған финтпен бір мезгілде кілт тоқтап, қорғаушыны алға-жоғары секіруге мәжбүр етуге болады, сосын еркін аяғымен соған жақын алға қадам жасап, екі немесе бір қолмен төменнен секіре доп тастауға болады. 4) Егер шабуылшы оны бақылайтын қорғаушыны алаңның түк- пірінде алдап өтіп, жүргізумен қалқанға өте алса, онда шешуге сәтте доп салуға асықпау керек; алдымен арттан жүгіріп жеткен қар- сыласына немесе қауіпсіздікті іске асыратын қарсыласына допты тартып алуға мүмкіндік бермеу үшін доп салуға арналған финтті орындау қажет. 5) Үзын бойлы қарсыласының қорғаушылығынан сақтану үшін шабуылшы өз ниетін жасырып, қимыл сипаты мен ырғағын өз- гертуі керек (мысалы, үлкен жылдамдықта кілт тоқтап, орта қа- шықтықтан доп салуды немесе шабуыл үшін қосымша мүмкіндік алуы үшін қадамға өтуді орындауы керек). 6) Үзын бойлы және секіргіш қарсыласымен күресте қалқан астында допты иемденген ойыншы тура шеңбер астынан немесе оған өтіп доп салуды және түрлі финттерді қолдана білуі тиіс. 7) Ойын барысында бақылаушы қорғаушының күшті және әлсіз жақтарын тез ашу үшін оның әрекеттерін шабуылшы мүқият қадағалауы қажет. 2.7.3. Топтық әрекет Топтық әрекет - бүл өте маңызды тәсілдік блоктар, олардан команданың қабаттасқан айла-шаршылық әрекеттерінің іргетасы қаланады. Топтық әрекеттерде ойыншылардың өзара шығарма- шылық әрекеті көрінеді. Тәсілдік жобалар үшін екі және үш ойыншының өзара әрекетінің белгіленген әдістері әмбебап болып табылады. 96
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==