Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

57-сурет. Бос орынга V-үлгіде шыгу 2) Қорғаушыға бақыланушысы мен допты бір мезгілде көз қадағалауыиа алуға алаңды соған орай бөлуі тиіс. 3) Алаңдағы орынды өзіне жақсы шолу жасай алатындай және әріптесіне өзара әрекетті жеңілдететіндей етіп таңдауы тиіс. 4) Доппен өтетін әріптесінің жолындағы кеңістікті юосатып, допқа таласқан ойыншылар қақтығысын болдырмас үшін, шығыр- шыққа шабуылға шыққан әріптесінің доп беруі мүмкін жолында тұрмауы тиіс. 5) Доп салу сәтінде кері үшқан допқа талас үшін немесе артқа кету үшін және өз командасының тылын қауіпсіздендіру үшін қолайлы орынды таңдауға дайын болу. 6) Допты алмайынша тоқтамастан допқа бел шеш кірісу. Добы бар ойыншының әрекеті. Допты ойнатқанда ойыншы алдымен қайта шабуылды дамытуға үмтылуы тиіс, ол үшін қысқа мерзімде биік үшу жолы бар үзақ та күшті доп беру көмегімен, кей ретте-жоғары жылдамдықпен доп жүргізіп, өз қалқанынаи қарсылас аймағына допты жеткізеді. Тең санды қарсыласы әлі де тізбектелген қорғанысты ұйым- дастырып үлгермеген шүғыл шабуылда ойыншы шабуылдың жыл- дамдық жағдайын дәл анық көріп, олардың өзара әрекет нәтиже- сінде және қорғаушыдан ажырағанда әріптесі шығатын бос орында тез әрі дәл доп берумен аяқталуына көмектесуі керек. Қарсыласы командалық қорғанысты үйымдастырып үлгерме- ген түрыстық ойнында орталық ойыншының немесе команданың 94

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==