Сипаты жағынан барлық шабуыл әрекеттсріп жскс және үжымдық деп бөледі. Тәсілдің жіктелуіне байланысты ұжымдық әрекеттер топтық және командалық болып бөлінеді. 2.7.2. Жеке әрекеттер Шабуылда үлкен пайда келтіру үшін әрбір баскетболшы қарсы- ласымен күрестің жеке тәсілдік әдістерін меңгеруі тиіс және тө- менде келтірілгендерді айқындап, бағалап туындаған ойын жағ- дайларын дүрыс бағдарлауы тиіс: - өзінің алаңдағы түрысы (артқы немесе алдыңғы аймақ «үш секунд» аймағы, алаң орталығы, бүрышы, оталық бүйір, бет сы- зығына жақындық, қалқанға дейінгі арақашықтық, қалқанға қа- тысты бүрыш қозғалыстың бағыты мен жылдамдығы); - жеке өзін бақылайтын қарсыласының түрысы; - алаңдағы әріптестерінің түрысы, олардың қозғалысының жыл- дамдығы мен бағыты; - алаңдағы қарсыласының тұрысы, олардың қозғалысының бағыты мен жылдамдығы; - қарсыласының қарсы әрекетінің сипаты мен белсенділігінің қауіпсіздікті үйымдастырудың деңгейі; -дәл сол сәте әріптесі шығыршыққа шабуылдау үшін немесе бірлесе күресу үшін ұрымтал орында түр ма? -орталық ойыншыға, команда көшбасшысына, жақын әріп- тесіне өткір доп беруді (гол салатын шабуылдайтын) орындауға мүмкіндік бар ма? -алдын-ала үйренген айла-шарғы немесе жүптық өзара әрекет басталды ма? Өте қысқа мерзімде осындай үлгіде алынған ақпаратты талдап, сараптау, ойын жағдайының дамуын болжай білу ойыншыға тиімді шешім қабылдауға және қорғаныстың қарсы әрекетін табысты бағындыруға мүмкіндік береді. Допсыз ойыншының әрекеті. Допсыз ойыншы әрекетіне оны бақылайтын қорғаушыдан қара үзіп шығуы, әріптесінен доп алып, шабуыл әрекеттерін жалғастыру немесе әріптесіне бірлесе әрекет етуге қолайлы жағдай тудырып, я болмаса кері үшқан допқа табысты күрес жүргізу үшін бос орынға шығуы жатады. 91
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==