және екінші орталық ойыншылар, олар айып добын салу сызығында еркін айна көрсетуші және жүрістен шығыршықты жиі шабуыл- даушы болып табылады. Алайда заманауй баскетболда ойыншылар олар орындайтын қызметке қарамастан, шабуылда да, қорғаныста да ойын жүргізу- дің қүралдары мен әдістерін кең көлемде меңгеруі тиіс. Сонымен білікті баскетболшыны қалыптастыру өзара байланысқан екі бағыт арасында жүреді. Ойынның әмбебап әдістерінде жетілдіру және өз қызметін орындау үшін ерекшелігі бар әдістерде жетілдіру. Көріп отырғанымыздай, ойыншыларды қызметі бойынша белу өз мәнін жоғалтпайды. Оларды қызметіне қарай бөлместен толық әмбебап баскетболшы шығару қате, себебі ол ойыншылардың мор- фологиялық ерекшеліктерін, олардың қандай да бір жарыс міндет- терін шешуге бейімділігін және қабілеттілігін ескермейді. Ойыншыларды қызметіне қарай тиімді белу олардың өз мүмкіндіктерін толық ашып көрсетуге барынша қолайлы жағдай қолайлы жағдай жасайды, демек әрбір ойыншыны команда үжымының ортақ мүд- десі үшін тиімді пайдалануға болады. 2.7.1. Шабуыл тәсілі Добы бар команда шабуылдаушы болады. Шабуыл - коман- даның ойындағы негізгі қызметі. Шабуыл әрекеті көмегімен команда бастама көтеруге ие болып, қарсыласын оған тиімді тәсілдік жоспар кұруға мәжбүр етеді. Шабуылдаушы команданың басты мақсаты - қарсылас шығыр- шығына доп салу. Бүған 30 секундта қол жеткізу үшін ұйымдастырылған, алдын- ала ойластырылған және жақсы дайындалған тәсілдік амалдарды қарсылас қалқанына допты жақындатуға орайластыруға, аяқтаушы шабуылға қолайлы жағдай тудыру, бүл шабуылды міндетті түрде жүргізу және кері үшқан доп үшін күресте мүмкіндікті қамтамасыз етуді пайдалану қажет. Шабуыл тәсілді командаға нақты қарсы- ласына қарай және жарыстың түрлі сәттерінде жоспарлы шабуыл жүргізудің дүрыс қүралдарын, әдістері мен түрлерін таңдап және пайдалануға мүмкіндік береді. 90
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==