Ойын жүргізу түрі деп белгілі бір тәсілдік міндеттерді шешу- мен байланысты команда әрекеттерінің сыртқы корінісін атайды. Ол белсенді және баяу болуы мүмкін. Белсенді пемесе баяу түрлерін қолдануға байланысты тәсілдің шабуылдық немесе қорғаныс сипа- тары болады. Бұнда қорғаныс тәсілі белсенді және баяу қорғаныс болуы мүмкін. Ойын жүргізудің бұндай түрлерін жарыс жағдайы мен команданың ақиқат мүмкіндіктеріне қарай жаттықтырушы таңдайды. 2.7. Тәсілдің жіктелуі Ойынның негізгі мазмүнына сәйкес тәсіл қорғаныс және шабуыл тәсіліне бөлінеді . Оның әрбір бөлімі ойыншылар әрекетін үйымдастыру прин- ципіне қарай топтарға бөлінеді: жеке топтық, командалық өз ке- зегінде ойын жүргізу түрлеріне қарай эр топ түрлерге бөлінеді (мысалы, шабуылдағы жеке әрекет допсыз ойыншының әрекеті және добы бар ойыншының әрекеті болып бөлінуі мүмкін). Ойын әрекет- терінің нақты мазмұнына қарай түрлер әдістерге бөлінеді. Орын- далу ерекшеліктері түрліше болып келетін әдістер нүсқалардың тууына себеп болады. Мысалы, түрыстың шабуылдың әдістерінің бірі орталық ойыншы арқылы шабуылдау жүйесі болып табылады. Орталық ойыншылар санына қарай (алаңда бір мезгілде ойнайтын) бүл жүйе үш нүсқаға бөлінуі мүмкін: бір орталық ойыншы арқылы екі және үш орталық ойыншы арқылы шабуылдау. Команда әрекетін үйымдастыру оның ойыншылары арасындағы қызметті бөлісуді ұсынады. Ойыншылардың қызметі ойын әреке- тінің-шабуылдау мен қорғанудың мақсатына қарай анықталады. Баскетболда қызметі бойынша ойыншыларды былай бөледі: қорғаушылар, шеткі қорғаушылар, орталық қорғаулылар. Қазіргі кезде осы қызметтердің ішінде де бөлшектеу айырмашылығы айқын байқалады. Демек, қорғаушылар ішінде шабуылдаушы қорғаушы олар шығыршықты шабуылдаудан кері үшқан допқа қапқан астын- дағы тартысқа дейін белсене қатысады және артқы қорғаушылар допты ойнату мен команда тылын қауіпсіздендіруге қатысады, ал орталық ойыншылар арасында - негізгі (бірінші) орталық ойыншылар, қарсылас қалқаны жанындағы өткір шабуылға қатысатын 89
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==