2.6. Тәсіл Негізгі ұгымдар аньщтамасы Тәсіл - бұл ойын дамуының заңдылықтарын, ойын сайысын жүргізудің әдістері мен қүралдарын және оларды нақты қарсыла- сына қарсы тиімді қолдануды зерттейтін ілім мен іс-тәжірибе бөлімі. Баскетболдың заманауй тәсілі ойын жургізудің құралдары, әдістері мен түрлерінің үлкен қорын қарастырады. Аталған, нақты ойынға шынайы ықпал ететін негізгі факторларды дұрыс есепте- генде ғана оларды ұтымды пайдалануға болады. Олар аталған кез- десу өтетін айқын сыртқы әсерлер есебінен (ауа райы, жабдықталуы және алаң бетінің жағдайы, қүрал-жабдықтар ерекшеліктері, көрер- мендер әсері, т.б.) және өз командасы мен қарсылас команданың мүмкіндіктерін жан-жақты бағалауға (команда құрамы, ойыншы- лардың жаттығу деңгейі, олардың рухани жағдайы, тәсілдік және әдістік жабдықталуы, т.б.) негізделеді. Аталған факторлар есебінсіз команда жоғары деңгейге жете алмайды. Ойын жүргізу қүралдарына әдіс амалдары жатады. әдісті мең- гермей ойнау мүмкін емес. Алайда, егер дайындық әдісі белгілі бір қимылдың қүрылымын зерттеуге бағытталса, онда тәсілдік дайын- дық баскетболшыны үйренген әдістерін екі команда сайысы негі- зінде дүрыс қолдану білімімен және білігімен қаруландырады. Тәсілдік дайындық ең алдымен ойынның түрлі айла-шарғы- сында зерттеуді үсынады. Айла-шарғы деп алдын-ала үйренген және бір баскетболшыға шығыршыққа шабуылдау үшін жағдай жасауға бағытталған нақты жүйе аясында топтың немесе команданың бар- лык ойыншыларының келісімді өзара әрекетін түсінеміз. Бұған қоса айла-шарғыны типтік өзара әрекет, олардың ойнатылуы және жи- нақталған жарыс тәжірибесін негізінде ойыншылар өздері шығар- машылықпен ойлап тауып, іске асыруы мүмкін. Алдын-ала үйренген айла-шарғыны жүргізу барысында туында- ған жарыс жағдайына қарай оны логикалық дамыту мен аяқтау үсынылады. Айла-шарғылар матчтың өзгерістерінде де, допты ойын- ға қосу немесе шығару сәттерінде де қолданылады (бастапқы және тартысты доп салуда, бүйір және беткі сызықтан доп салуда, айып добын салуда). 88
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==