Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Жарысқа дайындық кезеңінде стратегия зерттейтін мәселелерге мыналар жатады: 1) ойын барысының даму тенденциясы мен заңдылықтары; 2) жарыстарға қатысу тәжірибесі; 3) команданың жарысқа дайындығын басқару негіздері; 4) резервтерді дайындау; 5) жарыстардың шарттары мен сипаттық ерекшеліктері; 6) қарсыластарының көзқарастары мен мүмкіндіктері; 7) дайындықтың стратегиялық негізгі бағыттары және оларды жоспарлау принциптері; 8) күресті жүргізудің құралдары, әдістері және түрлері; 9) команданы материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету негіздері. Жарысқа қатысу кезеңінде стратегияның басты мәселелері мыналар: - жарыс ережесін қүрудың негіздері; - басты бағыттар бойынша қүралдар мен күштерді бөлу; - жедел басқару әдістері. Стратегия жарыс күресінің заңдылықтары туралы білім жүйесін қарастырады. Бұл заңдылықтарды білу болатын жарыстың шарттары мен сипаттарын алдын ала көруге және команданы басқаруға жаттықтырушыға көмекші қүрал болады. Ойын барысын дамыту заңдылықтарын зерттеу жарысқа дайын- далу және қатысу тәжірибесі, команданың шамасы жететін мүмкін- шіліктері, жарыс күресіне дайындық пен жүргізу әдістері мен қүрал- дарының жаңа түрлері, негізгі қарсыластарының көзқарастары мен мүмкіндіктері негізінде стратегиялық жоспар күрылады. Стратегия алдағы жарыстардың сипаты мен шарттарыдың сипаты мен шарт- тарын, оған дайындық түрлері мен әдістерін, күрес қүралдарын, сондай-ақ жарыс барысында команданы басқару негіздерін зерттейді. Бүған қоса стратегия - бүл команданы жарысқа дайындау про- цесі мен жарыс барысында оны басқаруға қатысты жаттықтырушы- ның іс-тәжірибе саласы. 87

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==