51-сурет. Өтуден отуге екі еселенген финт амалдарын үйлестіру Жүргізу - бүрылыс - салу. Торға шабуылдау үшін допты жүргізіп келе жатқан ойыншыға қорғаушы кез келеді. Сонда шабуылшы оң аяғымен сырғыма қадам жасап, оны тірек ретінде пайдаланып, артқа бүрылуды орындайды. Бүл оған қорғаушыны артта қалдырып, шығыршыққа доп салуға мүмкіндік бсрсді. Салуга арналгаи финт - өту салу. Ойыншы доп салуды көздеп, сол арқылы қорғаушыны алға қарай жүгіруге мәжбүр етеді. Сосын шабуылшы допты тез түсіріп, түлғасымен оны жауып, қорғаушыға қарай тығыз жанаса өтіп, шығыршықты шабуылдайды. Салуга арналган финт - салу. Ойыншы қалқанға қарай шығып, секіре отырып шығыршықтың бір жағына доп салу финтін орындайды, ал бірақ келесі жағынан «жартылай ілмектеп» доп салады (52-сурет). 84
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==