Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Өту финті - о ту (50-сурет). Ойыншы өтуді бейнелеп, алға- солға қадам жасап, добы бар қол да сол бағытқа қарай жіберіледі. Қорғаушы финтке еліккенде, ойыншы тез серпіліп, сол аяқ қадамы- мен доппен қорғаушыға жақын оңға кетеді. 50-сурет. Финт пен оцга оту - солга өту амалдарын үйлестіру Лақтыру финті — доп беру. Шабуылшы секіре доп салу үшін доппен жоғары секіреді. Оған қарсыласы белсенді қарсы әрекет көрсетеді. Келесі сәтте шабуылшы доп салудан бас тартып, допты торға шабуылдау үшін қалқанға қарай жүгірген әріптесіне береді. Өтуге арналган екі финт - өту (51-сурет). Ойыншы сол аяғын алға-солға қойып, оңға өту үшін финт жасайды. Осы бағытқа добы бар қолын да созады. Шағын үзіліс керек: ойыншы сол орнында қалып, шабуылшыға белсенді әрекет келесі бағытқа бүрылатынын көрсетіп, көзқарасы мен басын бүрады. Қорғаушы бірақ осы сәтте ойыншы алдын ала жасалған финт жағына өтіп, соны жалғас- тырғандай болады. 83

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==