Әдістер саны мен финттерді, сондай-ақ олардың өзара байла- ныстары мен ауысу ерекшеліктерін ескере отырып көптеген үйле- сімдерді екі топка бөлуге болады: -доппен және допсыз орындалатын екі немесе бір әдіс пен финтті қарастыратын үйлесім (мысалы, жүлқыну-тоқтау: бір қырына қарай, келесі жағына қарай жұлқынуға арналған финт; бүрылыс немесе доп беру; жүргізу-беру; қағу-беру; жүргізу-лақтыру; бір жағына қарай доп беруге финт-келесі жаққа қарай доп беруге финт; сол қолмен торға доп салуға-оң қолмен доп салуға финт); -жекелеген үш әдісті немесе екі әдіс пен финтті тіпті бір әдіс пен екі финттен қүралған доппен және допсыз орындалатын үйле- сімдер (мысалы, жүлқынуға финт жүлқыну-тоқтау; жүргізу-тоқтау- беру; бүрылу-жүргізу-беру; өткізуге финт-өткізу салу; салуға финт- өткізу-салу). Төрт әдіс пен финтті қарастыратын үйлесімдер де кездеседі, бірақ олар әдетте дербес сипатқа не болады. Жарыстарда жиі қолданылатын бірінші және екінші топқа тән әдістерге қысқаша талдау жасаймыз. Жүлцынуга финт - жүлқыну. Ойыншы сол аяғын алға-солға кояды, түлғаны солға қарай сәл иеді және қорғаушыға оны сол жағымен айналып өтетінін көрсетіп, көз қырын да солға салады. Егер қорғаушы финтке еліксе, онда қорғаушыға жақындап, оң аяқпен түлғаны алға бүге кілт қадам жасау керек. Жүргізу-беру (49-сурет). Допты жүргізген ойыншы тоқтамай және допты қолға алмай бір қолмен доп беруді орындайды. Кенеттен доп беру. 49-сурет. Жүргізу - доп беру амалдарын үйлестіру 82
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==