Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

сызықтармен белгіленеді. Қақпа сызығында қақпа орнатылады, олардың тік бағандарының арақашықтығы бір-бірінен 7 м 32 см, ал көлденең көлбеу жерден 2 м 44 см болады. Қақпаның артқы жағына арқанды торлар бекітіледі. Ойынды салмағы 396-453 г, аумағы 68-71 см доппен жүргізеді, ойынға 11 адамнан құралған екі команда қатысады, әр командада қақпашылар, қорғаушылар, шабуылшылар мен жартылай қорғаушылар болады. Ойын 90 минутқа созылады, 45 минуттан 2 тайм болады, олардың арасындағы үзіліс 15 минут. Балалар мен жасөспі- рімдер үшін ойын үзақтығы қысқарады. Ойын уақыты 10 минуттық үзіліспен екіге бөлінеді. Әр команданың міндеті қарсылас қақпасына мүмкіндігінше көп доп соғу (аяқпен немесе баспен үрып) болып саналады. Ойыншылардың допқа қол тигізуіне тиым салынады, тек қақпашы ғана допты қолымен ұстай алады (тек өзінің айып алаңында). Қақпаға салған доп саны көп команда жеңіске жетеді. Қазақтстандағы футбол 1913 жылдан бастау алады, осы жылы Семейде бірінші «Жарыс» футбол командасы қүрылды. Бүл команда қүрамында 16 жасар бозбала ойнады, ол кейіннен бүкіл әлемге танымал болған Мүхтар Омарханұлы Әуезов болатын. 20 ғ. 20-30 жылдары қалаларда, ауылдар мен селоларда футбол ұжымдары қүрылды. Бірақ олар бүкілодақтық аренаға 30 жылдардың соңынан бастап шыға бастады, онда алматылық «Динамо» жарқын және өзін- дік ойын көрсетті. 1946 жылы алматылықтар Орта Азия Республика- лары мен Қазақстанның футбол үжымдарының финалдық жарыста- рында 3-орын алып, «Б» тобы бойынша КСРО Чемпионатына қаты- суға жолдама алды. Олардың бүл ойыны толық табысты болды. 1947 және 1949 жылы олар 2-орын, 1954 жылы 4-орын алды. 1958 жылы алматылықтарға қарағандылықтар, бір жылдан кейін шымкенттіктер қосылды. Алматы «Б» тобында эр жылдарда «Динамо», «Локомотив», «Урожай» және 1957 жылы «Қайрат» командасын танытты. Бұған коса, 20 ғ. 60 жылдарында «Б» тобында «Спартак», одан кейін АДК ойнады. 1960 жылы Қазақстан бірінші рет күшті команда ретінде танылып, «Қайрат» командасы КСРО чемпионатында «А» тобында қатысты. Осы кезде «Б» тобында Қарағандының «Шахтері», Шымкенттің алғашында «Еңбегі», кейіннен «Металлург» командасы, Өскеменнің «Восток», Жамбылдың «Металлист», т.б. командалары өз даму жолын бастады. 2002 жылы ҚФО-ы АФФК-нан УЕФА-ға өтті. 7

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==