Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Доп беруде допты жулып алу. Жұлып алу әдісінің табыстылығы көп жағдайда қорғаушы әрекетінің дер кезінделігі мен шапшаң- дығына байланысты болады. Егер шабуылшы орнында тұрып допты күтсе, онда оған қарсы шықпайды, себебі одан жүлып алу қиын емес. Жұлқына секіруде бір немесе екі қолымен допты қағып алу керек. Әдетте шабуылшы допқа өте тез келеді. Бұл жағдайда шабуылшы қысқа қашықтықта өте жоғары жылдамдық алып және ұшқан допқа қарай қарсыласының жолын бөгеуі керек. Ол иығымен және қолымен қарсыласының допқа баратын жолын кесіп, допты иемденеді (44-сурет). Шабуылшымен соқтығысып қалмас үшін қор- ғаушы оған тығыз жанаса өткенде сәл сыртқа ығысады. Ол допты ала салысымен жүгіріп қоймау үшін дереу жүргізуге өтуі тиіс. 78

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==