Допты қағып алар сәтте және міндетті түрде төмениен түсіріп алған дүрыс. Допты биік секіріп қағып алып және қауіпсіздік үшін қажетті шаралар қабылдамаған қарсыласы жерге қона салысымен төменнен келіп, қолдан түсіріп алған әсерлі болады. Егер қорғаушы қарсыласының финтіне қимыл көрсетіп, сол үшін секіруге мәжбүр болса, онда ол қонар сәтінде допты түсіріп алып, сол арқылы доп тастауға немесе өтуге жол бермеуі керек. 42-сурет. Жүргізуден қарсылас крлынан допты түсіріп алу Жүргізуден допты түсіріп алу. Добы бар шабуылды өтуді жүргізумен бастаған сәтінде қорғаушы қарсыласына торга қарай тура жол қалдырып, артқа қарай сәл секіре шегінеді және оны қаптал сызығына қарай шығыстыра соңына түседі. Сосын қорғаушы ша- буылшы жылдамдығындай жылдамдық алып жүргізу ырғағын ай- қындап, алаңнан үшып шыққан доп қолға тиер сәтте қарсыласына жакын қолмен допты түсіріп алады (42-сурет). Шабуылшының арт жағынан келіп, өту сәтінде де допты түсіріп алуға болады (43-сурет). 43-сурет. Допты артынан түсіріп алу 77
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==