I. ФУТБОЛ Футбол (ағыл. foot - аяқ және ball - доп) командалық спорттық ойын. «Аяқ добының» тарихы бірнеше жүздеген жылдардан бастап саналады. Футболға үқсас түрлі доппен ойналатын ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), көне дәуірде (Греция, Рим), Францияда («ла суль»), Италияда («кальчио») және Англияда ойнаған. Еуропа футболы тікелей римдік «гарпастум» ойынынан бастау алады деп есептеледі. Легионерлердің әскери дайындығының негізгі түрлерінің бірі болып саналатын бүл ойында допты екі баған арасынан өткізу қажет болатын. Шамамен 5 ғасырда бүл ойын Рим империясымен бірге жойылып кетті, бірақ Еуропа түрғындары арасында және Италияда сақталып қалды. 1863 жылы Англияда әлемдегі тұңғыш футбол ассоциациясы құрылып, әлемде бірінші рет ресми ойын ережесі жа- салды, ол бірнеше онжылдықтардан кейін баршаға танымал болды. 1873 жылдан бастап халықаралық кездесулер бастау алады. Англия мен Шотландия қүрама командалары арасында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. 1884 жылдан бастап Британ аралдарында түңғыш рет ресми халықаралық турнир өткізілді, оған Англия, Шотландия, Уэльс пен Ирландия футболшылары қатысты (бұл турнирлер қазіргі кезде де жыл сайын өткізіледі). 19 ғасырдың басында футбол Еуропа мен Латын Америкасында тез кеңінен тарала бастады. 1904 жылы Бельгия, Дания, Нидерландия мен Швейцарияныц бастамасымен Футбол ассо- циацияларының халықаралық федерациясы қүрылды (ФИФА). ФИФА- мен қатар 1954 жылдан бастап Футбол ассоциацияларыньщ Еуропа- лық одағы - УЕФА жұмыс істей бастады. ФИФА-ның өз жарғысы бар, ХОК мойындап, Халықаралық спорт федерацияларының бас ассоциа- циясының (ХСФБА) мүшесі болып табылады. 1930 жылдан бастап эр 4 жыл сайын Футболдан элем чемпионаты, ал 1958 жылдан бастап Еуропа чемпионаты өткізіледі. УЕФА жетекшілігімен ойналатын жарыстар: Еуропа чемпионаттарының Кубогі (1956 жылдан), Кубок иегерлерінің Кубогі (1961 жылдан), УЕФА Кубогі (1958 ж.). Футбол 1900 жылдан бастап толыққанды олимпиадалық ойын түрі болды, Алаң ретінде ұзындығы 90-нан 120 м-ге дейін, ені 45-тен 90 м-ге дейін болатын тікбүрышты орын алынады, халықаралық ойындар үшін алаң үзындығы 100-110 м, ені 64-75 м болуы тиіс. Алаңның беті 6
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==