Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

парабаланы, яғни тиімді доп ушу жолын таңдаған жөн; үшу жолы бүдан биік болса, доптың жолы ұзарып кетеді де, доп салу дәлдігі төмендейді. Сермеуде қашықтық алыс болған сайын қимыл қүлашы үлкен, ал доп жіберудегі қорытынды күш қуаттырақ болуы тиіс. Өзі салған доптың соңын бақылау әр ойыншы үшін дағдыға ай- налуы тиіс. Торға доп салудың нақты әдістерінің жалпы қүрылымында үш кезеңді бөліп қарастырады: дайындық, негізгі және аяқтаушы. Егер дайындық қимылында ойыншы әдістің дәлдігі үшін елеулі шығын келтірместен сыртқы ықпалдар әсерінен біршама өзгерістер ендірсе, ал негізгі қимылдар доп салуға негізделген пақты міндеттер көле- мінде түрақтылықпен немесе тиімді өзгергіштікпен ерекшеленуі тиіс. Бұл шарттар реттеуге бағытталуы мүмкін: - сермеу нүктесі (иықтан төменнен бастан асыра, бастан); - допты жіберу нүктесі (өзінің алдында, бастан асыра биік). - орындау шапшаңдығы; - доптың үшу жолының биіктігі. Екі қолмен кеудеден доп салу - егер қорғаушы белсенді қарсы әрекет көрсетпесе, алыс қашықтықтан торга шабуылдау үшін қолда- нады. Доп салудың бүл әдісін оқушылар өте тез меңгереді, себебі оның қүрылымы осы әдіспен доп беру құрылымына үқсас (24-сурет). 24-сурет. Торга доп салар алдында екі қолмеп кеудеден допты ycntay Екі қолмен жогарыдан доп силу қарсыласының тығыз бақы- лауында орта қашықтықтан орындалғаны дүрыс (25-сурет). 64

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==