Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

19-сурет. Допты жүргізу Басқа қалған жағдайларда жүргізуді шектен тыс көп пайдала- нуға болмайды, өйткені ол қайта шабуылдың шапшаңдығын тө- мендетіп, ойын ырғағын бұзады. Жүргізу бір қолмен допты төмен-алға (иемесе оң және сол қолдармен кезектестіріп) жұмсақ екпіимен бірізді үру арқылы, табаинан сәл алшағырақ жүргізіледі. Негізгі қимылдарды шынтақ және білезік буындарымен орындалады. Тепе-теңдікті сақтап, қи- мыл бағытын өзгерту үшін аяқты бүгу керек. Түлғаны сәл алға жібереді, доптан босаған иық пен қол қарсыласын допқа жібермеуі тиіс (бірақ оны итермеуі керек). Жүргізу үшін доппен жүмыс жасайтын қолдың қимылы мен қадам кезектесуі үйлесімді жүп болуы тиіс (19-сурет). Осылай жылжығаи ойыншы қарсыласының, әріптесінің орналасқан орын- дарын бақылап қалқанды бетке алуы тиіс. Кезецдетіп көру бағдарын доптан алаңға және керісінше аударып отырған жөн (20-сурет). Баскетболшы жүргізгенде оң қолмен де, сол қолмен де бірдей жақсы жүмыс істей алуға міидетті. Жылдамдықты өзгертумен алдап өту. Доп жүргізудің жылдам- дығын күрт өзгерту қорғаушыдан ажырап, алшақ кету үшін керек. Жүргізу жылдамдығы ең алдымен доптың алаңнан үшқан биіктігі мен оның алаңға бағытталған бүрышына байланысты. Ұшуы биік және оның бүрышы аз (тиімді шамада) болған сайын қозғалыс жылдамдығы да арта түседі. 60

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==