Доп берудің осы айтылған түрлерін қоса қарсыласының белей іді қарсы әрекет көрсеткен қиын жағдайларда жасырын доп беру қолданылады, бұл доптың негізгі бағытын білдірмеуге мүмкіндік бсреді. Допты керекті бағытқа жіберуге байланысты негізгі қимыл- дар көбінесе бақылаушы қарсыласының көзінен тыс жасалып, ол үіпін күтпеген жағдай болуымен жасырын доп беру деп аталады. Ьүиың барлығы қарсыласының допты алып қоюына кедергі кел- гірсді. Көбінесе жасырын доп берудің үш түрі қолданылады: қол астымен доп беру, арқасынан доп беру және иықтан доп беру. 18-сурет. Иықтан доп беру Жасырын доп берулер қысқа сермеумен және білезік пен саусақтардың қуатты аяқтаушы қимылдарымен ерекшеленеді. Қол астымен доп беруді орындағанда добы бар қол допты алатын әріптесіне қарай еркін қолы астынан қиылыса өтеді. Арқадан доп беруде негізгі қимылдар-бүл сәл бүгілген қолмен артқа сермеп, артқа қарай білезіктің қамшылау (түлғаны бүрып) қимылымен орынлдайды (17-сурет). Иықтан доп беруде ойыншы білек пен сол аттас қол білезігін немесе қарсы жақтағы иықты тез бүгіп, допты алға шыққан әріптесіне береді (18-с). Допты жүргізу. Допты жүргізу - ойыншыға доппен алаң бойымен үлкен жылдамдыта және кез-келген бағытта қозғалуына мүмкіндік беретін әдіс. Жүргізу тығыз бақылаушы қорғаушыдан кетуге, қалқаннан ұшып шыққан допты тартыстан қолға түсіріп, тез шығып кетуге және қарқынды қайта шабуыл үйымдастыруға, әріптесіне қалқан қоюға, тіпті қарсыласын уақытша алдарқатып, оның қарамағындағы әріптесіне шабуылға шығу ұшін доп беруге мүмкіндік береді. 59
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==