Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

КІРІСПЕ ЖОО студенттерінің дене тәрбиесі пәні бойынша оқу жоспары- ның бірнеше бөлігін қүрайды. Бүл оқу құралында көрсетілген спорт түрілерін кез-келген адам өз бетінше меңгеруге жарыс бағдарла- масына дайындалуға маңызды мүмкіндік береді. Сондай-ақ дені сау үрпақ тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын үстануда таптырмас қү- рал болып табылады. Дайындалған оқу қүралдың мақсаты спорттық ойындар бойынша ЖОО-ғы студенттерді, үстаз-жаттықтырушыларды спорт саласын- дағы колледждер және жаттықтырушыларды спорт мектебінде, орта мектептерде жүмыс істей білу үшін қажетті теориялық білім алуына, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра алуына білуін қамтамасыз ету. Ұсынылған жекелеген оқыту әдістері өсу күрделілігі тәртібімен орналасқан жаттығу элементтерін жеңіл меңгеруге арналған. Оқу құралының көмегімен теориялық білімді бекітуге септігін тигізеді және сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын үғымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдіс- темесін меңгереді, жалпы және арнайы дене дайындығының тәсілде- рін оқыту әдістемесін оқиды. Аталған мақсаттарды іске асыру барысында төмендегілей тап- сырмаларды орындау қамтылған: - Дене тәрбиесін оқыту әдістемесінде спорттың техникалық элементтерін үтымды орындауда дағдылар біліктілікті қалыптастыру; - оқу жаттығу процесін үйымдастыру, жоспарлау бойынша бі- ліктілікті қалыптастыра отырып жетілдіру; - спорттық ойындарға машықтанудың теориясы, әдістемесі және практикасы бойынша білім беру; - спорттық дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіз- дері және ғылыми-зерттеу жүмыстары бойынша дағдыларды қалып- тастыру; - ақпараттық және мәселелік дәрістер бойынша спорттың даму тарихы, олардың спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, спорттың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлүматтар хабарланады; - студенттерді әр түрлі жастағы топтармен жүмыс істеуге ауызша және практика жүзінде дайындау. 5

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==