Негізгі кезең: добы бар қолды сан деңгейінде алға, жоғары көтереді. Доп ұшып шығуы үшін білезік ашылып, саусақтар оны итереді (15, 4-6-сурет). ¥шу жолының биіктігі білезік пен саусақ- тардың дер кезіиде ашылу қозғалысына байланысты. Бүл доп беруді көбінесе сол аяқпен алға аттап орындайды. Бір қолмен бүйірден доп беру бір қолмен төменнен доп бе- руге ұқсас, ол қарсыласын оң немесе сол жағынан айналып өтіп, допты әріптесіне жақын және орта қашықтықтан бағыттауға мүмкіндік береді. Дайындық кезеңі: добы бар сермеу қолды жанына-артқа жібе- румен және тұлғаны соған сәйкес бүрумен орындалады (16, 1-2- сурет). Негізгі кезең: добы бар қолмен алаңға параллель жазықтықпен алға қарай сермеу қимылын жасайды (16, 3-4-сурет). Доптың ұшу бағыты да ашылған білезік қимылына байланысты болады. 17-сурет. Арқасынан жасырын доп беру 58
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==