Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

15-сурет. Бір крлмен төменнен доп беру 16-сурет. Бір крлмен бүйірден доп беру Бір қолмен «ілмектеп» доп беру тығыз бақылаған қарсыласы- ның жоғары көтерген қолдары үстімен орта және өте алыс қашық- тыққа доп жіберу қажет болғанда қолданылады. Дайындық кезеңі: ойьтншы доп беру бағытына қырымен бұ- рылады, добы бар қолды артқа жанына жібереді, доп алақанда және саусақпен үстайды. Біршама алға қойылған келесі қолмен ойыншы бақылаушы қарсыласынан бөлінеді (14, 1-6-сурет). Бір қолмен төменнен доп беру қарсыласы жоғарыдан доп бе- руге қатты күш салғанда жақын және орта қашықтықтан орында- лады. Допты әріптесіне қарсыласының қолы астынан бағыттайды. Дайындық кезеңі: добы бар, сәл бүгілген немесе тік қолды сермеп артқа жібереді, доп саусақпен ұсталып, алақанда тұрады және орталық жүгіру күшінде ұсталады (15, 1-3-сурет). 57

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==