Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Периферикалық кору, қол қимылының, шапшаңдығы, дәл есеп пен тәсілдік ойлау - қатесіз доп беретін баскетболшыларды сипаттайтын сапалар. Доп берудің барлық әдістерін орындау шапшаңдығы және дәл- дігі біршама мөлшерде амалдың негізгі кезеңіндегі білезік пен саусақтың қуатты жүмысына байланысты болады. Допты бергенде негізінен білезікпен, саусақпен әрекет ету керек, сонда қарсыласына доп беру бағытын айқындау қиынға түседі. Допты алған әріптестері оған тіке қарамай-ақ, оны көруі тиіс. Доп бергенде тепе-теңдік қалпын сақтау маңызды, олай болмаса, ойластырған бағытқа доп беру қарсылас әрекетінің кедергісіне үшырауы мүмкін, ал ойыншы еріксіз «жүгіріп» кетеді немесе допты басқа ойыншы алып қояды. Допты кеудеден екі қолмен беру допты әріптесіне қарапайым жағдайда, қарсыласының тығыз бақылауынсыз жақын және орта қашықтықтан дәл және тез беруге мүмкіндік тудыратын негізгі әдіс. Дайындық кезеңі: саусақтары жазылған білезіктер допты бел деңгейінде қапсыра үстайды, шынтақ түсірілген (8-сурет). Қолды дөңгелекте айналдырып, допты кеудеге тартады. 8-сурет. Доп беру үшін допты екі крлмен устау Негізгі кезең: допты колды барынша тез тіктеп, оны допқа кері айналым беретін білезік қимылымен толықтырып алға жібереді (9-сурет). 52

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==