жақындастырып сыртқа қайырып сонымен допты мықты үстайды, ал қолдарды шынтақ буынынан бүгіп, түсіреді және допты түл- ғаға тартады. Төмен ұшқан допты үстағанда қолды түсіреді, білезік пен саусақты тостаған тәріздес етеді (екі қол шыиашақтарының ара қашықтығы бірнеше сантиметрден аспауы тиіс). Алаңға түскен доп үшін тартыста допты қағып алуға қолайлы биіктікке келгенін күтіп тұрмау керек. Оған қарсы келіп, оны үшып шыққан сәтінде-ақ қағып алу керек. Ойыншы допқа қарай құлап, тұлғаны тез алға иіп, қолдарды алға томен түсіріп, білезікті жоғарыдан емес, допқа ішкі жағынан жүргізеді. Допты үстай алып, ол дереу тіктеліп, оны өзіне тартады. Сол сәтте допты беру немесе оны торта салу шетімен допты қағып алғанда екі адымдық әдісті орындайды. Егер ойыншы жүгіріп допты қағып ала салысымен оң қолымен доп беруді немесе салуды орындағысы келсе, онда ол допқа сәл секіріңкіреп барып қағып алады, сол сәтте сол аяқпен серпілу орындалғанда, оң аяқ алға жіберіледі. Сосын оң аяқпен тебіліп (бірінші қадам), сол аяқпен тебіліп (екінші қадам) және секіріп, оң қолмен доп беру немесе тастау. Егер ойыншы қозғалыста қағып алған соң дереу тоқтағысы келсе (екі қадаммен), онда сол аяқ осы болып калады, ол үшін ол допты оң аяқпен серпіліп сол аяқ алға жіберілген сәтте қағып алуға тырысуы тиіс. Сосын бірінші сол аяқпен тежеуіш қадам, екінші оң аяқпен сүйретпе қадам жасап, сол осьтік аяқта бүрылысты орындауға мүмкіндік беретін тоқтауды орындау керек. Допты бір крлмен кргып алу. Кейде жағдай үшқан допқа жеткізбестей болса және оны екі қолмен қағу мүмкін болмаса, онда оны бір қолмен қағу керек. I 2 3 4 6-сурет. Бір крлмен допты қагып алу 50
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==